12 Қазан, 2016

Мемлекет инстаграмдағы сауданы бақылауға алады

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ins Қазақстанда интернет-сауданы реттеу жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті жұмыс басталды. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіндегі даму және модернизациялау департаментінің директоры Ержан Біржанов журналистерге өзгерістердің жақын арада басталатынын айтты. «Интернеттегі сауданы заң аясында бақылау -  басты мақсаттардың бірі. Интернеттегі сауданың қарқыны күшейіп келеді, сондықтан, яғни, бәсеке дұрыс болмай бара жатқандықтан, оны бақылау қажет. Мысалы, бір кәсіпкер сауда алаңын жалға алады, адал еңбек етіп, чек береді, салығын төлесе, ал екінші біреулер Instagram арқылы сауда  жасайды, салық төлемейді. Жаңа өзгерістердің бүге-шүгесіне дейін алдын ала айтпай-ақ қояйын, бірақ, интернеттегі сауданың кейбір категорияларына қатысты жұмыс басталды»,-дейді Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Е.Біржанов. Қазір осы мәселеге қатысты құрылған жұмыс тобы интернеттегі сауданы жан-жақты қарап жатыр екен. Жұмыс тобы бірқатар заңнамалық актілерге интернеттегі саудаға қатысты көп өзгерістер енгізу керек деген ойды алға тартып отыр. Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2013 жылы электронды коммерцияға мемлекеттік реттеу керектігін айтқан еді.