13 Қазан, 2016

«Технодом» жомарттық танытты

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20161011172429«Технодом» мен Универсиада дирекциясы арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. 2017 жылғы Универсиада өткеннен кейін «Технодом» компаниясы 500 данадан астам техниканы спорт мектептеріне тапсырады. 11 қазанда Алма­тыда 2017 жылғы 28-ші Дүние­жүзілік қысқы Уни­вер­сиаданы дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы мен «Технодом» ком­паниясы ынтымақтастық туралы шартқа ресми түрде қол қой­ды. Аталған шарт аясында Уни­вер­сиаданы ұйым­дастыру коми­теті­нің жұмы­сын жабдықтау мақ­сатында 500 данадан астам тех­ника мен жабдық беріледі, олар Уни­версиада өткізіл­геннен кейін Ал­маты қала­сындағы спорт мектеп­теріне тапсырылатын болады. Қол қою рәсіміне «Технодом» ком­па­ниясының президенті Ренат Исмаилов пен 2017 жылғы Уни­версиада дирекциясының жетекшісі Наиль Нұров қатысты. – «Технодом» компания­­сы­ның әлеуметтік-корпора­тив­тік сая­­сатындағы басты ба­сым­дық­тардың бірі – Қазақстан спорт­ын қолдау, еліміздің болашақ мұра­сына деген, балаларымызға де­ген қамқорлық, сонымен қатар саламатты өмір салтын насихат­тау және осындай ынтымақтастық­қа қол қою – компаниямыздың еле­у­­лі оқиғасы болып отыр. «Технодом» компаниясы спортты бе­л­­­сен­­­ді қолдаумен бірге қоқысты жинау бойынша эко-жарықтар, элек­трон­дық қалдықтарды жи­на­уға арналған арнайы эко-бокс­тар­­ды орнату сияқты түрлі эко-жоба­ларды енгізіп және іске асыра оты­рып, еліміздің экологиясының жақ­саруына да қамқорлық жа­сап отырғаны, сондай-ақ, поли­этиленді пакеттерді қолданудан бас тарту бойынша жобаны ен­­гізу­ді жоспарлап отырғаны туралы айта кеткім келеді. Өйт­кені, біздің бас­ты мақсатымыз – Қазақ­стан­ның болашақ ұрпағына деген қам­қорлық, – деді «Технодом» ком­паниясының президенті Ренат Исмаилов. – Біз Универсиаданы ұйым­­дас­тыруға қолдау көрсе­тіп оты­рған «Технодом» компания­сына алғысымызды білдіреміз. Бұл – Алматы қаласы бизнесінің әлеу­меттік жауапкершілігінің ай­қын көрсеткіші. Ойындар қоры­­тын­дысы бойынша Универ­сиада-2017 мұрасы аясында бар­лық жабдық Алматы қала­сын­дағы спорт мектептеріне тапсы­ры­ла­тын болады, – деп мәлімдеді Наиль Нұров. Универсиада дирекциясы­ның жетекшісі сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық компания­ларды ынтымақтастыққа шақыр­ды. Универсиаданың марке­тин­гтік мүмкіншіліктері өзінің серік­тестерін 12 жарыс күнінің ішінде 1 миллиардтан астам теле­­көрермендер ауди­тория­сы­на көрсетуге мүмкіндік бере­ді. Қазақ­стан тарихында бірде-бір халықаралық оқиға мұн­дай теле­ди­дар­лық қамтуға ие болма­ған еді. Өз кезегінде Ренат Исмаилов Универсиада дирекциясы мен «Технодом» компаниясы ара­сын­­­дағы ынтымақтастық жарыс­­тың ең жоғарғы ұйым­да­с­ты­ру­шылық деңгейде өтуі­не мүм­кін­дік беретініне, ал серік­тестік нәтижелі және өзара тиімді бола­ты­нына айрықша сенім білдірді. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ