13 Қазан, 2016

Инновациялық жобалар байқауы

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
img_20161012_125027Кеше «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов баспасөз мәслихатын өткізіп, Республикалық жастар инновациялық жобалар байқауының басталғандығын жария етті. Байқаудың мақсаты – жастарды  ғылыми-зерттеу қызметіне және ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу. Партия хатшысының хабардар етуінше, байқау жеңім­паз­дары – агроинновация, хи­миялық технология, нанотехнология және биотехнология, жасыл энер­гетика, робототехника, жол қоз­ғалысының қауіпсіздігі,  ақпа­раттық және авиағарыш тех­нологиясы, медициналық тех­ника және технология, 3D ин­дустриясы, әлеуметтік инновациялар бағыттары бойын­ша анықталады. Кон­курс­тық өтінімдерді әділ­ баға­лау мақсатында қазы­лар алқа­сына ғалымдар, ұлттық ком­паниялар мен кон­ст­рук­тор­лық бюролардан, сондай-ақ, минис­трлік­терден сарапшылар шақы­рылады. «Жобалар Қазақстан Респуб­ликасының өзекті ғылыми-техникалық және әлеуметтік-эко­номикалық мәселелерін шешу­ге бағытталып, ғылыми-техни­калық, әлеуметтік-эконо­ми­калық және экологиялық тұрғыдан алғанда тиімді әрі нәти­желі болуы тиіс», –  деді Ф.Қуанғанов осы жөнінде. Ал байқаудың жалпы жүл­де қоры – 8 000 000 теңге. Мек­теп оқушылары мен колледж студенттері арасында өте­тін «Келешек» аталымының жеңімпазына еліміздің жоғары оқу орындарының бірінде грант­­та оқу мүмкіндігі беріледі. Со­ны­мен қатар, әлеуетті инвес­тор­­ларды тарту және жобалар­ды іске асыру мақсатында жас­тар­дың инновациялар және бас­тамашылар форумы өткізіледі. Форум аясында байқау же­ңім­паздары мен жобалар жүл­де­герлерінің көрмесі өтеді. Бұған қоса, үздік идеялар халықаралық байқау­лар­ға жіберілетін болады. Инно­ва­­ция­лық байқау жеңім­паз­дары мен жүлдегерлеріне халық­аралық байқауларға қа­ты­суға көмек көр­сетіледі. Байқау шарттары www.nurotan.kz сайтында жарияланады. Қатысуға өті­нім­дер nurintech@nurotan.kz элек­трондық мекен-жай бойынша 2016 жылдың 15 қарашасына дейін қабылданады. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»