Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев пен оның 5 сыбайласы сотқа жіберілді, деп хабарлайды Егемен-ақпарат Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.
Қала прокуратурасының мәліметтеріне қарағанда, ҚР Бас прокуратурасы ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурордың басшылығымен Алматыда 2016 жылдың 18-шілдесі күні болған террорлық актіге байланысты қылмыстық іс бойынша сот алдындағы тергеу жұмыстарын аяқтады.
Тергеу амалдары басталған алғашқы күннен бастап-ақ қала прокуроры қадағалау жұмыстарының тиімді болуы үшін процессуалды прокурорлар тобын құрды. Олар тергеу жұмыстарының барынша қысқа мерзімде аяқталуына ықпал етті.
Тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді.
2016 жылдың 12 қазанында 60 томнан тұратын қылмыстық істің материалдарын зерттеу нәтижесі бойынша, сотқа Күлекбаев пен өзге де азаматтар жіберілді.
Р.Күлекбаевқа нәтижесі 8 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және 2 бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террорлық акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар ол 3 бейбіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталып отыр.
Р.Күлекбаевпен бірге сотқа атыс қаруын заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүріп, Р.Күлекбаевпен бірлесіп М. атты кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл ұйымдастырған Р.Лю, Ж.Сапарбеков, Д.Әсембекұлы, Е.Құсайынов, Н.Әбдімомын да сотқа берілді.
Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
• 13 Қазан, 2016
Алматыда қантөгіс жасаған Күлекбаев сыбайластарымен бірге сотқа жіберілді

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59
Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:42
Ауыл клубының басшысы 10 жыл бойы бюджет қаржысын жымқырған
Оқиға • Бүгін, 16:30
Елімізде жылдамдықты шектейтін учаскелер саны екі есе артады
Қоғам • Бүгін, 16:15
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз үшін экологиялық қауіпсіздік ұзақмерзімді даму стратегиясының арқауы
Президент • Бүгін, 15:54
Ақын аманаты орындалды: Мұхтар Шаханов туған жерінің топырағына жерленді
Тұлға • Бүгін, 15:40