Жақында Ұлттық музейде Италия мозаика мектебі шеберлерінің «Фриули мозаикасы» көрмесі салтанатты жағдайда ашылды. Сирек өнер туындылары ұсынылған шараны Италияның Қазақстандағы елшілігі мен Ұлттық музей ұжымы бірлесіп өткізіп отыр.
Фриули – Италияның солтүстік-шығысында орналасқан және Альпіден Адриатика жағалауларына дейінгі аймақты алып жатқан ерекше автономиялардың бірі болып саналады. Ал тарихы мыңдаған жылдарға кететін мозаика ешқашан қолданыстан шыққан емес және де әр ғасырда заманауи үлгіде кеңінен пайдаланылып келді. Сирек өнердің бұл түрі арқылы сәулет өнері айрықша түрленіп, адамзат өркениетінің баға жетпес құндылығы ретінде бағаланды.
Сонымен қатар, тарихи сәулетке қайталанбас өрнегімен жарқын ерекшеліктер де кіргізе алды. Италия шеберлерінің «Алтын балықтар», «Ат басты теңіз балықтары», «Аққулар», «Барылдақ торғайлар», «Әулие отбасы», «Тоқыма», «Құпия», «Көлеңкелер», «Уики және балықтар» сынды мозаика туындылары көне өнердің ежелден олармен егіз әрі қай кезеңде де бір-бірімен рухтас болғандығын байқатады.
Шараға қатысушылар алтын және платинамен қапталған майолика бұйымдарын, сондай-ақ түрлі өрнектермен безендірілген вазалар, табақтар, құмыралар, екі сапты графиндер, тегештер, үлкен шамдалдар, құмғандар, қобдишалар, барокко сағаттары сынды алуан түрлі заттарды тамашалады.
Барлығы 70-ке жуық керамика бұйымдары қойылған көрме қарашаның 28-іне дейін жалғаспақ.
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

«Astana Eurasian Book Fair – 2026»: Елордада халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр
Елорда • Бүгін, 15:03
Елімізде 32 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Ірі энергетикалық нысандардан тарайтын зиянды шығарындылар 35 пайызға азаяды
Президент • Бүгін, 14:37
Қазақстанда жаңа БИ-95 автокөлік отыны өндіріле бастады
Қазақстан • Бүгін, 14:27
Мемлекет басшысы: Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды
Президент • Бүгін, 14:15
Астанада Халықаралық су ұйымын құру бойынша консультациялардың бірінші кезеңі өтеді
Президент • Бүгін, 13:55
Театр, кино және диалог: Астанада Ресейдің мәдениет күндері өтеді
Қазақстан • Бүгін, 13:49
Тоқаев: Арал теңізі салғырттықтың салдары қандай қасіретке әкеліп соғатынын еске салады
Президент • Бүгін, 13:46
Мемлекет басшысы: Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес
Президент • Бүгін, 13:34
Қалауыңа қарай тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес: Мемлекет басшысы БҰҰ Жарғысы туралы
Президент • Бүгін, 13:30
Президент экологиялық күн тәрбін әзірлеу барысында дамушы елдердің қажеттіліктерін ескеруге шақырды
Президент • Бүгін, 13:18
Мемлекет басшысы Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі
Президент • Бүгін, 13:10
Мектептегі оқушы қыздар төбелесі: Ата-аналар директордың жұмыстан кетуін талап етті
Оқиға • Бүгін, 12:45
Депутат салық режимі бойынша ел аумағында бірыңғай мөлшерлеме енгізуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:44
Жаңа заң жобасы: Ауыл бюджеттерін ұлғайтуға жаңа салықтық тетіктер ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:35