14 Қазан, 2016

Қазақстанда өрт сөндіруші мамандар мен техника жетіспейді – Ильин

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елімізде өрт қаупінен қорғану мақсатында соңғы жылдары 100 -ден астам арнайы бекеттер ашылған. Қазір ел аумағында 423 өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс жасайды. Алайда, тілсіз жаумен күресте арнайы мамандар мен жабдықталған техника жетіспеушілігі күн тәртібінде тұр. От қаупі жоғары қалалар мен елді мекендердің қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету үшін әлі де 167 өрт сөндіру депосын салу қажет. Бұл туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің базасында өтіп жатқан Парламент Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің көшпелі мəжілісінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мəлімдеді.