Президент • Бүгін, 18:05

Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Перу арасындағы құқықтық ынтымақтастық нығая түсті. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы құқықтық саладағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған үш бірдей заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды

Атап айтқанда, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сотталған адамдарды беру және ұстап беру туралы шарттарды ратификациялау жөніндегі заңдар бекітілді.

Бұл құжаттар екі ел арасындағы құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын күшейтуге, қылмыспен күресте тиімділікті арттыруға және халықаралық құқықтық көмекті жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аталған келісімдер әділеттілікті қамтамасыз ету мен азаматтардың құқықтарын қорғау ісінде маңызды рөл атқарады.

Соңғы жаңалықтар