Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа сенатор, аталған комитет төрайымы Дариға Назарбаева жетекшілік етті.
Басқосуда қолданыстағы «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңның қызметін жетілдіруге қатысты сөз қозғалды.
– Бұл заң 2011 жылы төтенше жағдайға қарсы іс-қимыл саласындағы алты заңды біріктіру арқылы қабылданған болатын. Сол уақыттан бері құжат азаматтық қорғаныс саласының жұмысын реттеуші құрал ретінде қызмет етіп келеді. Заман озып, адамның өмір сүру жағдайы оңалған сайын төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты ережелер де дамып, жетілдіріліп отыруы керек. Қоғамда адам өмірінен құнды дүние болмауы тиіс. Ал азаматтық қорғаныс дегеніміз, адам баласының өмірін сақтандыруға бағытталған жауапкершілік. Сол себептен қолданыстағы заңның жұмыс істеу тетіктері мен қызмет аясын сараптап, төтенше жағдай саласындағы мәселелерді шешуге кірісуіміз керек, – деді жиында Д.Назарбаева.
Көшпелі отырыстың Алматыда өткізілуі де тегін емес. Биік тау баурайы мен сарқыраған өзен аңғарына қоныс тепкен қала – еліміз бойынша төтенше жағдай қаупі алдымен төнетін мекен. Әрі Жетісу жерінің сейсмикалық белсенділігі де өте жоғары. Дерек бойынша, Алатаудың қос қапталында әр күн сайын жерасты тербелісі тіркеледі екен. Демек, Алматы тұрғындары үшін төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттердің маңыздылығы жоғары. Осы жиында мегаполистің азаматтық қорғаныс саласының дайындығы таразыға салынып, жауапты тұлғалардың есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, сенаторлармен кездесуде от қаупі жоғары қалалар мен елді мекендердің қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ету үшін әлі де 167 өрт сөндіру депосын салу қажеттігі сөз болды. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің мəлімдеуінше, елімізде өрт қаупінен қорғану мақсатында соңғы жылдары 100-ден астам арнайы бекеттер ашылған. Қазір ел аумағында 423 өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс жасайды. Алайда, тілсіз жаумен күресте арнайы мамандар мен жабдықталған техника жетіспеушілігі күн тәртібінде тұр.
Айтпақшы, тұрғындардың азаматтық қорғаныс саласы бойынша жедел желілерге жиі хабарласатыны байқалған. Мәселен, өткен ай аралығында «112» желісіне 3 638 799 рет телефон қоңырауы тіркеліпті. Ал Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитетінің құтқару бөлімшелері 6,5 мың адамды түрлі әрекеттерден құтқарып, 40 000 адамды эвакуациялаған. Тағы 5000 адамға апат жағдайында медициналық көмек көрсетіліп, 11 рет шұғыл операция жасалған.
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:56
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08