15 Қазан, 2016

Театр мерейтойына – ізгі тілек

4026 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
gulshara-abdikalykova777Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына құттықтау хат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Онда былай делінген: «Құрметті театр ұжымы! Сіздерді қазақ сахна өнерінде өзіндік бай тарихы қалыптасқан Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының құрылғанына 70 жыл толған мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің іргелі рухани орталықтарының бірі ретінде жасампаз халқымыздың және жас ұрпақтың бойына ұлттық құнды­лық­тарды сіңіріп, тарихи сананы жаңғыртып, өнерді өрге сүйреп келе жатқан бұл театрдың отандық мәдениеттің мәуе жаюына қосқан үлесі қомақты деп білемін. Өзінің 70 жылдық белесінде ба­лалар мен жасөспірімдер театры дәріпті дәстүрін қалыптастырып, талантты қаламгерлердің көрнек­ті шығармаларын сахналап, жұрт­шы­лықтың ықыласы мен құрметіне бөленген небір дүлдүл дарындар мен дарабоз саңлақтардың киелі шаңырағына айналды. Ұжымдық өнер саналатын театрда бүгінде шығармашылық құ­рамнан бастап техникалық қыз­мет­керлерге дейінгі 200-ден астам адам бір қолдың саласындай бірле­се қызмет етіп, ұлттық сахнаны мазмұндық жағынан жаңа жетіс­тік­терге жетелеуде. Алдағы уақытта да мәрте­бе­леріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болып, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев белгілеп берген «Мәң­гілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылығын сахна өнері арқылы халықтың санасына сіңіруге қолтаңбаларыңызды қалдыра беретіндеріңізге сенімдімін». Мемлекеттік хатшы құттық­тауының соңында балалар мен жас­өспірімдер театрын Қазақ­стан­ның мәдени өміріндегі жарқын жаңа­лық, елеулі белес – бүгінгі мерей­той­ларымен құттықтай отырып, ұжым мүшелеріне зор денсау­лық, отбасыларына бақыт, шығар­машылық табыс тілейді.