Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізге бүкіл әлемде ядролық қарудан бас тарту жолында дәйекті күрес жүргізіп келе жатқан дана әрі алысты болжайтын жаһандық көшбасшы ретінде лебізімді білдіру құрметіне ие болып отырмын. Қазіргі беймаза дүниеде ядролық, оның ішінде террористік қатер ауқымы өсе түсіп отыр және ядролық қару қолдану қаупі бар жанжалдар адамзат алдында тұрған басты жаһандық проблемалардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында уақыттың осындай сын-қатерлеріне қарсы іс-қимыл мен ядросыз әлемге қарай жаһандық қозғалыс саласында мойындалған көшбасшы болып отыр. 1991 жылы, тек мемлекеттік көрегендік пен көшбасшылық мінез таныта отырып, Сіз Семей ядролық полигонын жабу туралы бірден-бір дұрыс шешім қабылдадыңыз. Ал 1994 жылы Сіздің күш-жігер жұмсауыңыздың нәтижесінде Қазақстан аумағынан соңғы ядролық оқтұмсықтар әкетілді. Сіз басқаратын мемлекеттің азаматтары батылдық пен шешімділік көрсетіп, ядролық фантомдар билік құрған әлемге қасқайып қарсы шығып, өздерінің балалары мен болашақ ұрпағына ядролық қатерден азат елде өмір сүру бақытын сыйлады. Қазақстан Республикасына ядросыз ел мәртебесін қамтамасыз еткен осындай өткір де тағдыршешті қадамдар алдыңғы қатарлы және сенімді дамып келе жатқан бір мемлекет шеңберінде қауіпті ядролық қару-жарақ технологияларынан бас тарту мүмкіндігін ғана көрсетіп қоймай, бүкіл адамзат үшін бейбіт ядросыз болашаққа деген үміт отын жақты. Ядролық қарудан азат Орталық Азия аймағын құру – Сіздің жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші мәнге ие тарихи еңбегіңіз. Бүгінгі күрделі халықаралық жағдайда қуатты еуразиялық державаның көшбасшысы ретінде нақ Сіз Еуропада ядросыз аймақ құру бойынша қозғалысқа басшылық ете отырып, өркениет дамуын ядросыз арнаға бағыттай аласыз. Мұның орнықты даму мен бүкіл планетаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететіні сөзсіз. Менің бұл пікірімді Ресейдегі, Қазақстандағы, ТМД елдеріндегі, Еуропа мен Орталық Азиядағы миллиондаған адамның бөлісетініне және қолдайтынына сенімдімін. Ресейлік антиядролық қозғалыстың атынан біздің елдеріміздің ядролық қарудан азат әлемге бет алған жолдағы ынтымақтастығына барынша үлес қосуға дайын екендігімізді білдіремін. Үлкен құрметпен, Максим ШИНГАРКИН, VI шақырылымдағы Мемлекеттік Дума депутаты, Қорғаныс жөніндегі комитет мүшесіImam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58