16 Қазан, 2016

Литваның 34 жастағы денсаулық сақтау министрі ауырып қайтыс болды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ig Литваның денсаулық сақтау министрі Юрас Пожела 34 жасында өт жолының қабынуынан қайтыс болды. Министрлік басшысы тамыздың 17-сі күні ауруханаға түскен. Содан бері дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады. Пожела Литвадағы басқарушы партияның лидерлерінің бірі болатын. Ауырып жатқанына қарамастан ол социал-демократтардың сайлауалды тізімінде болды. 9 қазанда өткен сайлауда партия жеңіске жетіп, Пожела да парламентке өткен-ді.