17 Қазан, 2016

"Головкин Канеломен келесі жылы да рингке шықпайды"

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
sdzew Екі салмақтағы экс-чемпион Мигель Анхель Гарсия EsNews-ке берген сұхбатында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес «Канело» кездесуі жайлы пікір айтты, деп хабарлайды Sports.kz. «Головкин-Канело кездесуі келесі жылы болмайды. Канело өзіне әлсіздеу қарсыластар іздейді, ал Головкин қазір бабында, яғни Альварес пен оның промоутері ақшаларын жоғалтуы мүмкін. Бәрі бұның бизнес екенін біледі. Бұл кездесу болғанда, ол үлкен оқиға саналары сөзсіз. Бірақ ол нақты келесі жылы бола қоймайды», - дейді Гарсия. Еске сала кетейік, қос боксшының промоутерлері Том Лёффлер мен Оскар де ла Хойя кездесуді 2017 жылы өткізу туралы ауызша келісім жасасқан.
Соңғы жаңалықтар