18 Қазан, 2016

Алматы УЕФА кубогының элиталық кезеңін қабылдайды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан УЕФА кубогының элиталық кезеңі ресми түрде Алматы қаласында өтеді. «Қайрат» футзал клубының ресми сайтында көрсетілгендей, элиталық кезеңнің ойындары «Халық Арена» спорт кешенінде өткізіледі.

Алматыдан өзге элиталық кезеңді «Насиональ» (Загреб), «Брезье» (Марибор) және «Спортинг» (Лиссабон) қабылдайды.

Естеріңізге сала кетсек, УЕФА кубогының элиталық кезеңі қарашаның 22-і мен 27-і аралығына жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар