18 Қазан, 2016

Алматылықтар шетелде емделуге жылына 500 млн доллар жұмсайды - Байбек

203 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматылықтар шет елде ем алу үшін жылына 500 млн доллар жұмсайды. Бұл туралы қазақстандық-венгриялық бизнес-форумда Алматы әкімі Бауыржан Байбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Денсаулық сақтау ауқымды сала, өйткені алматылықтар шет елде ем алуға жылына 500 млн доллар жұмсайды», - деді Бауыржан Байбек. Қала басшысы Алматыда 50 шипажай, үлкен клиникалық-ауруханалық әлеует бар екенін айтып, мажарстандық кәсіпкерлердің назарын осы салаға аударуға шақырды. Сонымен қатар, әкім медициналық туризмді дамытуға көңіл бөлінгелі отырғанын айтты. «Бізге шет елден ота жасатуға келетіндер жетерлік. Себебі, бізде АҚШ-тан арзан», деді қала басшысы. Өз сөзінде Бауыржан Байбек мажар кәсіпкерлерін Алматыға келіп, кәсіп ашуға шақырып, атқарушы билік тарапынан барлық жағдай жасалатынын айтты. Оның айтуынша, қала билігі шаһарды Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, транспорт, қауіпсіздік саласында инновациялық, «ақылды қала» жасауға ынталы екенін, сонымен қатар, электр қуатын үнемдеу технологиясына көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.