Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында ІІ Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының өткеніне бір айдан астам уақыт болды. Енді оның қорытындысын ой елегінен қайта өткізіп алатын кез келді. Осыған орай, біз Мәдениет және спорт министрлігі спорт және денешынықтыру істері комитеті ұлттық спорт түрлері мен спорттағы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбаевпен пікір алмасқан едік.
– Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын жақсы өтті деген пікір айтылып жатыр. Өзіңізге жарысты ұйымдастыру несімен ұнады?
– Ұйымдастыру жағы жақсы болды. Қырғызстанда жарысқа арнайы атшабар мен денешынықтыру кешені салыныпты. Жолдары да біраз жақсарыпты. Біздің делегация Ыстықкөлдегі пансионатта орналасты. Сол жерден жарыстарға барып тұрдық.
– Қазақстан құрамасының дайындығы қандай болды?
– Жарысқа бізден 95 спортшы қатысты. Онда спортшыларымыз 39 медаль алды. Бұлардың арасында 13 алтын, 13 күміс және 13 қола жүлде бар. Ал жарысқа 63 мемлекеттен өкілдер келгенін ескерсек, еліміздің командалық есепте үшінші орын алуы жаман нәтиже емес деп ойлаймын.
Көшпелілер ойындарында екі балуанымыз қазақ күресінен, ерлер және әйелдер құрамасы тоғызқұмалақтан чемпион атанды. Сонымен бірге, екі отандасымыз аударыспақ пен алыштан, аламан бәйге, шәйгі шабыс пен тоғызқұмалақтан бас жүлдені жеңіп алды. Одан басқа, бес балуанымыз қазақ күресінен, үшеуі қырғыз күресінен бірінші орынды иеленді. Алыштан да балуандарымыз жақсы күресті. Бұл сында үш күміс жүлде алды. Біздің ерлер және әйелдер құрамасы мангала ойынын жақсы меңгеріп алыпты. Олар зияткерлік ойынның бұл түрінен екінші орынға ие болды. Сол сияқты аударыспақ, мас-рестилинг, гюлеш және аламан бәйгеде бір-бір медальдан алдық. Спортшыларымыз қола жүлделерді де негізінен осы спорт түрлерінен иеленді.
– Келесі Дүниежүзілік көшпелілер ойындары 2018 жылы өтеді екен. Оған қатысатын отандастарымыз көбейетін шығар?
– Бұл жарыс – үлкен жоба. Оны «Көшпелілердің Олимпиадасы» деуге де болады. Әзірге келесі Ойындардың қай жерде өтетіні белгісіз. Жарысты Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан елдерінің біреуі өткізуі мүмкін. Өйткені, осы елдердің басшылары меморандумға қол қойған болатын. Ал келесі жылы Ресейдің Ульянов облысында ТМД мемлекеттерінің ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтеді. Оған біздің ел де қатысады.
Әңгімелескен
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»
АСТАНА

Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:23
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54