Былтыр ғана Тараз төрінде дүбірлеп өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының басты сыйлығы – «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығының ашылуы болған еді. Міне, көне қаланың көркіне айналған осынау орталық бүгінде түрлі мерекелік іс-шаралардың нағыз ордасына айналды.
Сондай «Тәуелсіздік – тұғырым, Қазақ хандығы – ғұмырым» атты мәдени-көпшілік іс-шарасының басты мақсаты – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына және Қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихына, өткеніне, дәстүріне, мәдениетіне және мұрасына құрметпен қарауға арналып, өңір мәдениеті мен өнерін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттап, ел тарихын таныту болды.
Шараның салтанатты ашылуында 110 домбырашының қатысуымен Құрманғазы күйлерін орындаудан «Күй шеруі» музыкалық флешмобы ұйымдастырылғаны бұл кешке келушілерге ерекше күш-қуат, шабыт бергені анық. «Ғажайыптар алаңында» облыстық орыс және қазақ драма театрларының әртістері фейс-арт ұйымдастырып, ертегі әлеміне саяхат жасалды. Сондай-ақ, облыс архивтері қорынан жасақталған «Мұрағат – тарихи қазына» жәдігерлер көрмесі ұсынылды. Ал қала тұрғындары арасында ұйымдастырылған «Ән – көңілдің ажарында» караоке ән айту сайысында көпшіліктің вокалдық дарыны бағаланды.
Бұл күні көпшілік «Ақындар ауылында» өткен айтысты тамашалап, асық атты, қазақша күреске жанкүйер болып, ашық аспан астындағы «Кино әлемі» алаңында «Қазақфильмнің» «Алтын қорындағы» үздік деректі, көркем фильмдерді көрді. Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы түсірілген қазіргі кинематографтардың туындылары да ұсынылды.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Саусағынан өнер тамған шеберлер» қолөнерші, суретшілер көрмесін ұйымдастырып, Қазақстан Суретшілер одағы мүшелерінің туындылары қойылып, қылқалам шеберлері келушілердің портреттерін салды.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09