Елімізде биыл «Өңірлерді дамытудың жол картасы-2020» бағдарламасы мен мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында отандық құрылыс компанияларының қолдауымен 326 мың шаршы метрді құрайтын жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аталған бағдарламаның дем беруімен бірқатар тұрғын үйлер Түркістан қаласынан да бой көтеруде. Бүгінде бұл қалада жалпы алаңы 7,8 мың шаршы метрді құрайтын 144 пәтерде қоныс той тойланады деп күтілуде. Оның тең жартысы екі бөлмелі болса (72 пәтер), қалған жартысы бір және үш бөлмелі пәтерлер (36 пәтерден). Қазіргі кезде айналым жолдың бойында орналасқан тұрғын үй алаңқайында құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр.
– Ерекше атап өткіміз келетіні, құрылысқа пайдаланылатын материалдардың барлығы дерлік Қазақстанда шығарылған отандық өнімдер. Мысалы, цементтен бастап, есік блоктары, сырлау, жылыту материалдары мен бетон, газоблок, полиэтилен құбырлар, терезе және ПВХ витраждары, құрғақ, асфальт-бетонды қоспалар, темір-бетон өнімдері сынды материалдардың барлығы да өз елімізде жасалған. Ал енді пәтерлердің тапсырылу мерзіміне келсек, шаттыққа толы ондай күн Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келеді деп жоспарланған, – дейді «Отау-Строй» кәсіпорны бас инженері Абжат Акимов.
Республика көлемінде тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруіне мұрындық болып келе жатқан «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы бағдарламаның маңыздылығы мен әлеуметтік сипатын ескере отырып, барлық қажетті іс-шараларды қабылдауда. Осы мақсатта ағымдағы жылы компания бағдарлама аясында бөлінетін нысандар бойынша арнайы турлар өткізуде. Осындай жобалар арқылы республика азаматтары бағдарламаны іске асыру барысы мен құрылыс жұмыстарына, алдағы уақытта бағдарламаға қатысушылар тұратын тұрғын үй сапасының сақталуына тікелей бақылау жүргізе алады.
Сондай-ақ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ипотекалық ұйымы аталған бағдарлама аясында Шымкентте жалпы алаңы 54,7 мың шаршы метр болатын 900 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар, осы күндері мемлекеттік-жекеменшіктік серіктестіктер арқылы Астана қаласында да 538 пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Елордалық жүргізушілерге ескерту: Ақан сері көшесінде қозғалыс шектеледі
Елорда • Бүгін, 14:48
Отандық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді дақылдарды ойлап тапты
Ғылым • Бүгін, 14:42
Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 14:34
Қазақстан Орта Азияда экономикалық еркіндік бойынша көш бастап тұр
Экономика • Бүгін, 14:25
Олжас Бектенов: «Заң мен Тәртіп» − жаңа Конституцияның негізгі қағидаты
Үкімет • Бүгін, 14:08
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09