Ақтаудағы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағынан жаңа зауыт іске қосылды. Елімізде жаңа санатты және жоғары сапалы өнім өндіретін зауыт өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосады деп күтіледі.
Италиялық «Тенарис Глобал Сервисез» компаниясы 12 млрд теңге инвестиция салған премиум санатты болат құбырларды кескіндейтін зауыт құрылысы аз мерзімде аяқталды. Қазақстан бойынша алғаш рет аталмыш өнімді өндіруді қолға алған зауыт «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» және «ТеңізШевройл» мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді келісімшартқа отырған. Компания бұл кен орындарын мұнай және газ өнімдерін тасымалдау үшін толықтай өз өнімдерімен қамтамасыз етуді, сондай-ақ, Қазақстандағы өзге де ірі кен орындарындағы мұнай-газ жобаларына коммерциялық, техникалық, инженерлік және логистикалық қолдау көрсетуді межелеп отыр.
Бұл кәсіп түріне машықтанған, тәжірибесі жеткілікті италиялық компания қаржы құйған зауыттан өндірілген өнім, «Тенарис Глобал Сервисез» компаниясы басқарма төрағасы Паоло Рокконың айтуынша, жоғары функциялы және бұрғылау кезінде кездесетін ең ауыр жағдайларға төтеп береді, яғни жағдайға сай қызмет етеді екен. Әзірге еліміз бойынша газды-герметикалық бұрандалы-бөлшекті құбырларды кескіндейтін жалғыз зауыт саналатын зауыттың жылдық қуаты – 45 мың тонна. Күшіне енген соң 90 адамды жұмыс орнымен қамтитын зауытта қазіргі таңда 40 адам жұмыс істеуде. Мамандар алдын ала Румынияда оқып, іс-тәжірибе жинақтап қайтты. Зауыт өз өнімдерімен 80 пайыз ішкі нарықты қамтамасыз етіп, 20 пайыз өнімді сыртқы нарыққа – Ресей және Еуропа елдеріне экспорттауды көздейді.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Р.Әміржановтың айтуынша, жыл соңына дейін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» аумағынан тағы бір нысан іске қосылмақ. Маңғыстаудың географиялық орналасуы мен мұнай кен орындарының шоғырлануы жаңа зауыттардың іргетасы мұнайлы өңірде қалануына септігін тигізеді екен.
Еліміздің Энергетика министрінің орынбасары М.Мырзағалиев, қазақстандық және шетелдік мұнай компанияларының өкілдері қатысқан зауыттың ашылу салтанатында бұл істі ел экономикасын дамытуға үлес қосады деп бағалап, зауыт жұмысына сәттілік тіледі.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:23
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54