19 Қазан, 2016

Жылу желілері жөнделмесе, үйлер қайдан жылынсын?

373 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
perpilov-zhylu-akimat-otyrys-13-10-16Былтыр қаңтар айында облыс орталығында №10 жылу магистралі жарылды. Салдарынан 25 тұрғын үй жылусыз қалды. «Павлодарэнерго» АҚ № 3 ЖЭС-нің жылуын тұтынушы үйлерді №1 ЖЭС-ке ауыстырды. Апат қайталанбаса екен дедік. Алдымызда тағы да қыс келе жатыр. Бір үміт, бір күдік. Облыс әкімі Болат Бақауов об­­лыс орталығындағы жылусыз отыр­ған үйлердің барлығын жылу жүйе­сіне қосуды тапсырды. Күздің суы­ғы­нан бұрын жаңбыр аралас қар жау­ды. Пәтерлерінде жылу жоқ­ты­­ғы­на байланысты өткен аптада об­­лыс әкімінің сайтына 100-ден астам шағым түсіпті. Сондықтан әкім­дікте өткен кеңесте жылу беру мау­сымы­ның басталуына орай орын алып отырған мәселелер талқыланды. Қала әкімі Нұржан Әшімбетовтің айтуын­ша, 41 көпқабатты және 120 жеке­меншік үй жылусыз отыр. Жылу берілді деген үйлердің өзі жәй аты ғана, ал пәтерлер болса сал­­қын. Бұған себеп – желілердегі апат­­тық жағдай, кейбір үйлерде үйі­­ші­лік коммуникациялар дайын емес. Бірнеше балабақшада, басқа да әлеуметтік нысандарда да осындай жағдай. Ал қыркүйектің бірінші он­күн­дігінде Астанадан келген ко­мис­сия Павлодар облысының энер­­ге­тика инфрақұрылымының, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығы және әлеуметтік сала нысан­дары­ның 2016-2017 жылдардың жылу беру маусымына дайындық дең­­ге­йін тексеріп, жылу беру маусы­мына дайын» деп шешім шығарып кетіпті. – Желілердегі кез келген ақау­лықты апаттық жағдай деп танып, оны бір тәулік ішінде жою қажет. Апат­тық жағдай орын алған жер­лерде тәулік бойы жұмыс істеу керек, – дейді Болат Бақауов. Ештен кеш жақсы деді ме, Бақауов дереу бірінші орынбасары Дүй­­сенбай Тұрғановқа жылу энер­гия­сы орталықтарын аралап, шына­йы ахуалды анықтауды тапсырды. Ал коммуналдық саланың қысқы кезеңдегі үздіксіз жұмыс істеуі жазғы дайындық жұмыстарының сапасы мен уақтылы орындалуына байланысты. Тіпті, мамыр айында Д.Тұрғановтың төрағалығымен жұмыс тобы іске кіріскен. Жұмыс кес­те­лерінен ауытқуларға бақылау жасау және дер кезінде әрекет ету үшін шілде айынан қыркүйекке дейін басқарма басшылары әрбір аудандағы нысандардың дайындық барысын тексеріп шықты. Нәтиже­сінде қысқа дайындықтың өз дең­гейінде жүргізілмегені көрінді. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 2016-2017 жылдардағы жөндеу маусымында стансалардағы 9 энергоблок, 18 қазандық және 4 тур­бинаға күрделі және кеңей­тіл­ген жөндеу жұмыстарын жүргізді. Биылғы қысқа 820,0 мың тонна көмір, 18,0 мың тонна мазут дайын­далыпты. Электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желі­лерінде жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. Барлығы 1917,2 км электрмен жабдықтау желісі, 644 кіші станса, 39,2 км жылумен жабдықтау, 41,9 км сумен жабдықтау және су бұру желілері жөнделді, 360 әлеуметтік сала ны­сан­дарының қазандықтары, 661 мек­­теп, 370 аурухана, 378 мәдениет үйлері дайындалды. Барлық 2422 көпқабатты тұрғын үйде қысқы кезеңде апатты жағдайлардың ал­дын алуды көздейтін негізгі іс-шара­лар орындалды, деп отыр басқар­ма. Сонда облыс орталығы бұл шара­лардан тыс қалған ба деген сұраққа келетін болсақ, «Павлодар жылу желілері» ЖШС және «Теплосервис-Ақсу» КМК қызмет көрсетуші кә­сіп­орындарының жеке қаражаты есебінен Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында 558,5 миллион тең­геге 7,7 км қайта жаңарту іс-шара­лары орындалыпты. 2016 жылы «Павлодар қаласын­дағы жылу желілдерін жаңғырту үшін 3 инвестициялық жобаны іске асыруға 1 206,6 млн теңге бөлініпті. Қалаішілік жылу, су құбырлары желі­лерін тазалау жобасының жал­пы құны 1 679,9 миллион теңге. Жо­баны іске асыру 2014 жылы баста­лып, оған 269,5 миллион теңге, 2015 жылы 698,864 миллион теңге игері­ліпті. Желілердегі жылда қайталана беретін ақаулардың енді бір-екі күнде жөнделіп, іске қосылуы күмән­ді, жамау-жасқаумен тұрса соңы бел­гілі. Ертең солтүстіктің қатаң қысы келгенде жаман айтпай жақсы жоқ, былтырғыдай апаттың бетін әрі қылсын. Екін­шіден, «Павлодарэнерго» АҚ басшысы О.Перпилов орталыққа қарасты қазандықтардың жөндеу жұмыстарын аяқтауға әлі де біраз уақыт керек деп отыр. Айтпақшы, қыркүйектің соңын­да «Павлодар жылу желілері» ЖШС № 3 жылу электр орталығының жылу желісінде оқшаулағыш қапта­ма өртеніп, қала маңы қара түтінге оранғаны бар. Өрт сөн­діру қыз­меті оны 2 сағат ішінде өшіріп үлге­­ріпті. Сол кезде жылу орта­лы­ғы бұл жағдай қаланың жылу мау­сымы дайын­дығына еш кедергі келтір­мей­ді деп хабарлаған болатын. Соны­мен, «Жылу орталығы» ЖШС-нің басшысы Марат Иманаевтың айтуынша, қаладағы 1342 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ету үшін 700 шақырымға жуық жылу желісі тартылған, 300 шақырым жылу желісі жеке сектордың иелігінде. Жылу желілерінің әбден тозығы жеткен. Олардың бұдан әрі шыдап тұруының өзі де мүмкін емес. Бұл талай жыл бойы айтылып келе жатқан мәселе. Бірақ нақты іс жоқ. Мәселенің мәнісі де сонда, тозған жылу желілері енді қашан жөнде­леді?.. Жалпы, біз сөз етіп отырған «Павлодарэнерго» АҚ-тың құрамын­да №2, №3 жылу орталықтары, Екібастұз ЖЭО, «Павлодар Электр­желілік тарату компаниясы» АҚ, «Павлодарэнергосбыт» ЖШС қарайды. Компанияның инвес­тиция­лық бағдарламасы сыртқы инвес­торлардың қаража­тын тартудың есебінен өз инвестиция­ларының тиімділігін арттыруға бағытталған. Инвестициялық бағдарлама екі негізгі бағытта жүзеге асырылады, олар: қолда бар жабдықты жөндеу арқылы оның жұмыс істеуге жарамды күйін қамтамасыз ету және белгіленген қуат көздерінің қуатын арттыру үшін жаңа жабдықтар алу. Бұдан бір-екі жыл бұрын ғана «Павлодарэнерго» АҚ-тың №3 жылу орталығында қайта жаңғыртудан кейін №5 турбина іске қосылды. «Жаңғыртудан өткен турбоагрегат электр энергиясын 20 МВт-қа ар­тық өндіреді. №5 турбинаның ро­тор­лары мен жоғары және орта­ша қысымдағы цилиндрлері ауыс­тырылды. Станса қуаты 110-нан 130 МВт-қа дейін ұлғайды. Жобаның жалпы құны – 6 млрд теңгеге жуық. Қайта жаңғыртылған турбина жылу орталығында іске асырылған ірі инвестициялық жоба...», деп «Егеменде» жаздық та. Қарап тұрсаң бәрі жақсы-ақ. Бірақ жылу бірде бар, бірде жоқ. Ол қайда кетіп жатыр? Тозған желілердің жыр­ты­ғын жамаудан басқа амалы қайсы?.. Бұған қоса, «Павлодар­энер­госбыт» ЖШС-нің хабарынша, облыс жұртшылығының электр және жылу энергиясын тарататын компания алдындағы қарызы 1 млрд 600 млн теңгеден асса, облыс орталығы тұрғындарының қарызы 711 млн теңгеге жеткен көрінеді. Фарида БЫҚАЙ,  «Егемен Қазақстан» ПАВЛОДАР