немесе шалғайдағы шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қайтарымы қандай?
Бүгінде несиенің де түр-түрі бар. Шауып барып ала қоятын тұрмыстық техника, смартфон секілді заттарға берілетін қарыз ақша басқа да, ипотеканың жайы бір бөлек. Қолма-қол қаржың жоқ кезде барып ала қоятын уыс-уыс көк қағаздың жайы белгілі болып қалды.
Сонымен арзан несиені қалай алуға болады? Кәсіпкерлердің жүгін жеңілдететін қандай бағдарламалар дайындалды? Қаржылық сауаты аз кәсіп бастаушыларға қандай сүйемелдеу бар екендігі туралы мүдделі сұрақтарды «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы
Қаныш ТУЛЕУШИНГЕ қойған едік.
– Қаныш Амантайұлы, сіз өз сөзіңізде үнемі «Қор несиені арзандатуды көздейді» деп жатасыз. Бірақ қазіргідей қысылтаяң жағдайда бұл мүмкін бе?
– Бүгінгі таңның нақты ақиқаты – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі мен «Даму» қоры дайындап, жүргізіп отырған көп жұмыстардың арқасында 8,5 пайыздық несие нағыз мүмкіндікке айналды. Біздің қордың өңірлерге жасаған іссапарлары кезінде өз тірлігін бастағысы келетін кәсіпкерлермен көп кездесулер өткізіп жүрміз. Арғы-бергіден сыр тарту барысында түйгеніміз – бизнес бастауға, кәсіпті дөңгелетіп кетуге ынта мол болғанмен, қолды байлайтын баяғы себеп қаржы болып шығады.
Сөзімізді сандармен тұздықтар болсақ, 2015 жылы несие нарығындағы орташа мөлшерлеме 14,3 пайыз болса, 2016 жылғы қаңтар айында 20,7 пайызға жетті. Ал осы жылдың ақпан айында 16,6 пайыз, наурызға қарай 16,3 пайызды құрады. Пайыз доллар мен теңге, рубль құнының қатарласа келіп, теңгенің тұрақтағанына байланысты төмендеді. Оның үстіне осы уақытта ұлттық валютада депозиттер артты. Алайда, бұл да аса қолайлы жағдай емес еді. Мысалы, 2015 жылы өңдеу өнеркәсібі саласындағы несиелердің орташа мөлшерлемесі 16,3 пайызға теңеліп, 2016 жылдың қаңтарында 29,3 пайыз, ақпанда 18,9 пайыз, наурызда 17,9 пайызға барды. Мұндай пайызбен берілетін несие кәсіпкерлер үшін «көтере алмайтын шоқпар».
Сондықтан да, біз өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін шамамен 24 миллиард теңге бөлуді ұйғардық. Бұл – әр өңірдің өз ерекшелігін ескеретін мақсатты несиелер. Мысалы, Ақтөбе облысында ауылда іс бастайтын кәсіпкерлер мен стартап жобаны қолға алған жастарға басымдық беріледі. Ең бастысы, негізгі басымдық алыс аудан, ауылдардағы кәсіпкерлерге беріледі. Бұл несиелердің орташа мөлшерлемесі 8,5 пайызды құрайды.
– Несиенің арзандығын уақыт тапшылығы жуып-шайып кетпей ме? Құбылып жатқан нарық. Кәсіпкерлердің шашын ағартатын тағы бір жай – банктердің өтінімді ұзақ қарастыруы. Несие өтінімін қарастыру мерзімін қысқартуда қандай да бір әрекеттер қолға алдыңыздар ма?
– Сұрағыңыз орынды. Бұл кәсіпкерлер үшін өте өзекті дер едім. Кейде 2-3 айлап банк шешімін күтетін жағдайлар болады. Осы уақыт ішінде екі ортада шапқылаумен шаршайды. Банк сұраған құжаттарды біртіндеп тасумен-ақ сілесі қатады. Осыншама сүрлігудің соңында қолына қаржы тисе жақсы ғой. Сөйтіп, кәсіпкер алтын уақытын сарп етіп, талай мүмкіндіктен қағылады. Тіпті, сол қаржының қажеті де шамалы болып қалатыны жасырын емес. Сондықтан да, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Даму» қоры «Даму-Блиц» технологиясын жасаған.
Осы «Даму-Блиц» кәсіпкерлердің 3-7 күн ішінде жылдам несие алуына жағдай жасайды. Бұл бағдарлама бойынша несиенің 3 түрі бар – 3 миллион теңгеге дейін, 30 миллион теңгеге дейін, 20 миллион теңгеге дейінгі. Соның арқасында қазір бизнес-процестер жеделдетілді деуге болады. Біз бұл технологияны жасарда 90-шы жылдардың соңында микробизнесті несиелеген Еуропа қайта құру және даму банкінің тәжірибесін негізге алдық.
– Банктердегі қағазбастылық – бітпейтін жыр. Іс бастағысы келетін талай адам осыны қиямет-қайым көреді. Кәсіпкерлердің шағымының тізімін дәл осы қағазбен бас қатыру бастап тұратыны жасырын емес. Бұл бағытта қордың ойластырған амалы бар ма?
– Биылғы көктемнен бастап bpm’online ақпараттық жүйесін іске қостық. Бұл – ел үшін тарихи сәт деуге болады. Себебі, бұған дейін Egov порталы арқылы халық тек анықтама, құжаттар ғана алып келген еді. Ал бұл жүйе – тұңғыш қаржылық қызмет. Осының арқасында кепілдеме алу үшін өтінімді Электронды үкімет» арқылы беріп, 5 күн ішінде жауап алуға мүмкіндік бар. Портал арқылы өтінім берген клиент өзінің жеке мәліметтерінің тексерілуіне сол заматта келісімін береді. Сөйтіп, автоматты түрде мемлекеттік базалардағы мәліметтер жинақтала бастайды. Egov арқылы өтінім біздің bpm’online жүйемізге келіп түседі. Клиент таңдаған астаналық менеджерлеріміздің бірі жобаның құжаттарын банктен сұраттырып, бас кеңсеге қарастыруға жөнелтеді. Осы уақыттың ішінде клиенттің Egov-тағы жеке кабинетіне «Сіздің өтініміңіз келіп түсті», «Сіздің жобаңыз қорда қаралып жатыр» деген тәрізді хабарламалар түсіп отырады. Яғни, барлық әрекет жариялы. Несие комитетінің мүшелері бас қосып, уақыт шығындап жиын жасамай-ақ, өз жұмыс орнында отырып жобаны қарап оң немесе теріс деген бағасын беріп жібереді. Барлығы бірауыздан оң шешім қабылдаса, хаттаманың электронды түрі жасалады. Оған қол қойғаннан соң клиент өтінімнің мақұлданғаны жайында хабарлама алады. Жүйе автоматты түрде комитет хаттамасының негізінде кепілдеме хатын құрып, менеджер оны банкке жөнелтеді. Межелі 5 күн ішінде қор шешім шығарып береді. Бұл бағдарламаның нәтижесін айтар болсам, 42 өтінім келіп түссе, оның 35-і қаралып, мақұлданған.
– «Даму» қоры ылғи да жаңа бағдарламалар жайлы мәлімдеп жатқаны. Олардың алыс елді мекендердегі елге тиімділігі бар ма?
– Қор биылғы жылы іске қосқан жаңа бағдарламаларының бірі – Микроқаржылық ұйымдарды қаржыландыру бағдарламасы. Алыс аудандар мен ауылдардағы шағын кәсіпкерлікті жылдам қаржыландыру мақсатын көздейді. Яғни, «Даму» қоры жедел әрекет ететін микроқаржы ұйымдарына ақша аударады, олар өз кезегінде шалғайдағы микробизнесті әуре-сарсаңсыз қаржыландырады.Талаптарына тоқталар болсақ, салалық шектеу жоқ, 60 айға дейін. Оның ішінде жеңілдікті уақыт 6 айды құрайды. 8000 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін беріледі. Қазіргі уақытта қор 100 миллион теңгеге «Арнұр-Кредит» ЖШС, «KMF» ЖШС 250 миллион теңгеге, «Тойота Файнаншл Сервисез Казахстан» ЖШС арасында 150 миллион теңгеге келісім жасалған.
Ал екінші – факторинг құралы. Бұл – алдын ала тапсырыспен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін өте қолайлы бағдарлама. Яғни, бұйым тапсырыс берушінің қолына тиіп, қаржы аударылғанша қажетті өндірістік шығындарға 2-2,5 пайызбен, 36 айға дейін, 150 миллион теңгеден аспайтын сомаға несие беріледі. Бұл – кәсіпкердің айналымында қаржы үнемі болады деген сөз.
Үшінші – франшизаны қаржыландыру. Кәсіпкердің нарықта өз аты мен орны бар дайын бизнес үлгіні сатып алып, жүзеге асыруына берілетін мүмкіндік. Осы мақсатта қор 80 миллионға дейінгі соманы 7 жылға дейін береді. Бұл да – өте қолайлы мүмкіндік.
Ал Даму-Оптима бағдарламасы бойынша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына кірмейтін, сауда, қоғамдық тамақтандыру орындары, қызмет көрсету секілді салалардағы кәсіпкерлер үшін 80 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Банкке кепілзат жетпеген жағдайда «Даму» қоры өз кепілдемесін ұсынады. Бизнесі бар кәсіпкерлерге несиенің 50 пайызына кепілдеме берілсе, франшиза бойынша іс бастағысы келгендерге кепілдік құны 20 миллион теңгеге дейін болады.
Бұл жаңа бағдарламалардың сыртында, Қордың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиені субсидиялау және кепілдендіру бағдарламалары бар екенін білесіз.
– Бүкіл әңгіме барысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау туралы айтып-ақ отырмыз. Бұл қашан өтеледі? Атқарылып жатқан жұмыстардың нақты экономикаға қайтарымы қандай?
– Бағдарлама қолға алынғалы бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қолдау алған компаниялар 5,8 триллион теңгенің өнімін шығарып, 510,8 миллиард теңгенің салығын төлеген. Осы уақыт аралығында 222,9 мың жұмыс орны сақталып, шамамен 67,4 мың жұмыс орны ашылды.
Ендеше, кәсіпкерлікті қолдаудан, жастарды кәсіпке тартудан ұтпасақ ұтылмасымыз анық. Ең бастысы, біз қазақстандықтарға өз ісін бастауға нақты демеу боламыз.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен,
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26
Үндістандағы фейерверк зауытында жарылыс болды: 23 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:23
Ипотекалық нарық кеңейтілді: Коммерциялық банктер жаңа жүйеге қосылды
Қазақстан • Бүгін, 11:12
Бірегей оқу орнының тәжірибесі мен даму келешегі
Білім • Бүгін, 11:00
Көмір электр станцияларындағы шығарындылар 34 пайызға азаяды
Энергетика • Бүгін, 10:54