19 Қазан, 2016

Семинарда әйелдер мәселесі қозғалды

491 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
dsc04105Жақында Семейде «Саясаттағы және жергілікті өзін өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің қағидалары» атты семинар-тренинг өтіп, онда Елбасының тапсырмасына орай Қазақстанда жүргізіліп отырған гендерлік саясатты нығайту тетіктері мен отбасы әлеуетін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана қаласындағы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. – Мақсатымыз – жергілікті өзін өзі басқару органдарының жұмыстарын және әлеуметтік сая­сатты жетілдірудегі гендерлік аспектілерді қолдану кешенін оқыту, – дейді Ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко. – Тәуелсіздік жылдарында демократиялық қоғам құруда гендерлік теңдікке көңіл бөлінді. Бұл тұрғыда Қазақстан айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Елбасының тапсыр­ма­сы­на орай алдағы уақытта ел­дің қоғамдық-саяси және эко­номикалық салаларына әйелдерді әлі де тарту қажет. Енді Ұлттық ко­миссияның басшылары облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысына қатысатын болады. – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі саясатымызға қосып отырған үлесі зор, – деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова. – Мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі – гендерлік саясат мәселесі. 2000 жылғы қыркүйекте өткен Мыңжылдық саммитте әлемнiң көптеген елдерiнiң лидерлepi БҰҰ Мыңжылдық декларациясын қабылдады, оның сегiз мақсатының бiрi гендерлiк теңдiктi қолдау болып айқындалған. Бұл мәселеге БҰҰ Бас Ассамблеясының «Әйел­дер 2000 жылы: әйелдер мен ер­лер арасындағы теңдiк, XXI ға­сырдағы даму және әлем» атты 23-ші арнайы сессиясы арналды. Осы сессияға қатысушы үкiмет­терге әйелдердiң өмiрдiң барлық салалары мен барлық дең­гей­лерiне тең қол жеткiзуiн және толық ауқымда қатысуын қамта­масыз ету жөнiнде шаралар қабылдауды ұсынды. – Президентіміздің бастамасымен қолға алынып отырған ген­дерлiк саясат қоғамдық өмiр­дiң барлық салаларында ерлер мен әйелдердiң теңдiгiне қол жеткiзуге бағытталған, – деді жиынға қатысушы Айгүл Нұр­та­сова. – Еліміз тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамытуда үлкен жұмыстар атқарды. 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Отбасы және әйелдер iстерi жөнiндегi ұлттық комиссия құрылды. Осы комиссияның ұйытқы болуымен Қазақстан әйелдерінің тұңғыш съезінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы елге қиын болған кезеңде әйел-аналар отбасы мен қоғам жүгін қайыспай, ерлермен қатар көтере білгендігін атап өткені есімізде. Сондай-ақ, Елбасы әйелдердің өмірлік маңызды салаларда жұмыс істейтіндіктеріне назар аударды әрі аналарды ардақтауды тапсырды. Қоғамда әйел адамдардың атқаратын рөлі зор. Бүгінде барлық педагогтардың 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің 87 па­йызы, барлық бюджеттік сала қызметкерлерінің 60 пайызы – әйелдер. Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде ондаған әйел министр және мемлекеттік органдардың басшылары болып тағайындалды. Көптеген ханымдар Парламент пен мәслихаттар депутаттары болып сайланды. Мемлекетіміздің 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясында мемлекеттік басқару органдары арасындағы әйелдер санын 30 пайызға арттыру мақсаты қойылған. Сонымен қатар, Елбасымыз әйелдердің мемлекеттік басқарудың шешім қабылдау деңгейіндегі үлесінің өте аз екендігін ескерткен еді. Бүгінде Үкімет құрамында бірнеше министр әйел болса, өкінішке қарай, ханымдардан шыққан бірде-бір облыс әкімі жоқ. Облыс әкімдерінің орынбасарлары мен кейбір аудан әкімдері ғана әйелдер. Осы мәселелерді шешуге Президент Үкіметке Президент Әкімшілігімен, Ұлттық комиссия­мен және «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып, әйелдерді жоғары деңгейде шешімдер қабылдау дәрежесіне дейін жылжыту бойынша 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған нақты жоспарлар жасауды тапсырған болатын. Семейде өткен шара тұтасымен осы мәселеге арналды. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА СЕМЕЙ