19 Қазан, 2016

Елбасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады  

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
 fcupa
Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды. – Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. М.Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты. – Біздің академия – барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі, – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті. Соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.