20 Қазан, 2016

Қазақстанда жұмысшы мамандықтарын даярлау екі есе ұлғаяды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
fym ҚР Білім және ғылым министрлігі қысқамерзімді келешекте жұмысшы мамандықтары бойынша даярлықты жылына 40 мыңнан 80 мыңға дейін 2 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. «Біз техникалық және кәсіптік білім беруді тегін ұсынудың жаңа тетігін әзірледік. Енді түлек арнайы орта және жұмысшы біліктілігіне ақылы және тегін негізде түсе алады. 2017 жылы гранттар бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарына, ал соңғы кезекте, гранттар артылып жатса, экономикалық және заңгерлік мамандықтарына беріледі деп ұсынылады. Біз қысқамерзімді келешекте жұмысшы мамандықтары бойынша даярлықты 2 есеге – 40 мыңнан 80 мыңға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», — деді ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «2015 жылғы 30 қарашадағы ҚР Президентінің Жолдауы тұрғысынан Жұмыспен қамтудың жол картасын құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» тақырыбына өткен дөңгелек үстел барысында. Айта кету керек, ҚР БҒМ деректері бойынша жыл сайын колледждерден 14 мыңға жуық адам немесе 13%, ал жоғарғы оқу орындарынан 40 мыңға жуық адам оқудан шығарылады. Мектептен кейін біліктіліксіз 21 мың адам нарыққа шығады.