20 Қазан, 2016

Мектептегі киім үлгісі заң талабына сай болуы тиіс

1337 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
mektep-kiimМектеп киім үлгісінің бірыңғай ережеге сәйкестігі туралы мәселе Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында талқыланды. Бұл шараға Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысты. Алғашқы сөзді Э.Сухан­бер­диева алып, елімізде міндетті мек­теп формасы 2016 жылдан енгі­зіл­генін атап, қазір еліміздегі оқу­шы­лардың 76 пайызы (2 млн-нан астам) мектептерде белгіленген үлгі­ні киіп жүргенін жеткізді. Ал рес­пуб­ликамыздағы бастауыш сынып­тардың оқушылары 100 па­йыз жаңа үлгіде мектеп формасын киеді екен. Алайда, соңғы жылдары білім беру ұйымдары оқушылардың діни үлгіде киіну мәселесіне тап болып отырғанын айтты. Бірақ ел заң­дарында бұған қатысты нақты баптар барын еске салып, оған «Білім туралы» Заңның 3-бабын атады. Сол секілді білім беру мен тәрбиелеу жүйе­сі дін мен діни бірлестіктерден бө­лін­генін және зайырлы сипатта еке­нін еске салып, ол «Діни қызмет жә­не діни бірлестіктер туралы» Заң­да бекітілгенін де атап көрсетті. «Бұл – зайырлы сипаттағы мектептерде әлдебір дінді тікелей немесе жанама насихаттауға жол бе­рілмейді деген сөз. Осыған бай­ла­нысты 2016 жылдың 14 қаң­тарында Білім және ғылым министр­лігінің №26 бұй­ры­ғымен мін­детті мектеп үлгісі үшін бірыңғай талап қоятын ереже енгі­зіле бас­тады. Онда «Мемлекеттік бі­лім бе­ру ұйымдарында қолда­ныс­тағы заңнамаға сәйкес белгі­лен­ген ережелерді ұстану қажеттігі ай­тыл­­ған», деген Білім және ғылым ви­це-министрі қыздар мен ұлдарға ар­нал­ған киім үлгісін талдап беріп, діни атри­буттарды, киім және бас­киім үлгі­лерін киюге жол беріл­мейтінін, бұ­ған дейін де осы қағи­да болғанын қа­дап айтты. Әділет вице-министрі З.Бай­мол­дина Білім және ғылым министр­­лігінің бұйрығы заңға сай, мұнда еш­қандай құқық бұзушылық жоқ екенін атады. Әр азамат заң тала­бын бұлжытпай орындауы керектігін де тілге тиек етті. Жал­пы, Ата Заңымыздан бастап бар­лық құжаттарда азаматтардың құ­қы­ғы қорғалатыны тайға таңба бас­қан­дай жазылғанына нақты дәлел-дәйектер келтірді. Дін істері комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин бүгінгі бала, яғни оқу­шы еліміздің ертеңі екенін, сон­дық­тан оларға тәлім-тәрбиені білім ұясында терең беріп, заң талаптарын үйретіп отыру тура жолдан тайғызбайтынын атады. Шынында, «Жігіттер, күн бол­ды ойланарлық... Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық», деп Шә­кәрім айтпақшы, барлығын ақыл­ға жеңдіріп заң аясында шешу қажеттігі қай-қайсымызды да ой­ландыруы тиіс. Әсіресе, ұл-қызы­ның ертеңінен үміт артқан ата-аналар түрлі киім үлгісіне емес, ұрпағының білім-білігін ойласа ұтылмас еді. Киім үлгісінің заңға сай болуы­ның тек мектепте ғана емес, жоғары оқу орындарына да қатысы бар кө­рі­неді. Бұрын білім ұяларында 5-6 оқушы діни үлгімен киінетін бол­са, соңғы кездері бұл 300-ден астам ұл-қыздың «еншісіне» тиіп­ті. Бұл – алаңдатарлық мәселе. Етек жая берсе, білімге құштар ұр­­пақ сол білімнен қол үзіп қалуы да ғажап емес. Ендеше, білім беру, дін сала­сын­­дағы азаматтар, ата-аналар мен ұстаз­дар жұмылып ой-санасы әлі орны­ға қоймаған ұрпақты жолдан тай­дырып алмауға күш салып түсін­діру жұмыстарын жүргізулері тиіс. Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»