20 Қазан, 2016

Баршамызды «Мәңгілік ел» идеясы біріктіреді – Әбдіқалықова

427 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
bal_7821 «Қазақстан таңдаған интеграция жолы дұрыс әрі әділ болды» деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы және Еуразия кеңістігі: қазіргі заман мен даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда. Жиын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. «2016 жыл - Қазақстанның және әрбір қазақстандықтың өміріндегі айрықша жыл. Өткен ширек ғасырдың ішінде біз Ұлт көшбасшысы  ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тарихи дамуда  таңғаларлық секіріс жасап, заманауи, қуатты, қарқынды мемлекет құрдық. Қазақстан бірлік пен рух беріктігінің арқасында азаматтық келісімде адам нанғысыз өсімге қол жеткізді»,  - деді Әбдіқалықова. Сонымен қатар ол бүгінде Қазақстан Мемлекет басшысының бастамасы бойынша қолға алынып, 5 институттық реформада мазмұндылығы айқындалған мемлекеттік құрылыстың сапалы жаңа сатысына көтерілін айтты. Ұлт жоспарының мақсаты әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына ену екенін еске салды. bal_7827 «Біздің барлығымызды мәңгілік әрі қуатты мемлекет құруға бағытталған «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы біріктіреді. Әлемдік геосаясатта мемлекеттердің экономикалық өзара әрекеттестігі басымдыққа ме тенденциялардың бірі болып отыр. Интеграция дамудың ішкі және сыртқы факторларын тиімді жүзеге асыруға, жаһандық сын-қатерлерге лайықты жауап беруге мүмкіндік жасайды», - деді Әбдіқалықова. Халықаралық шараға Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері, ғылым мен білім қызметкерлері, белгілі қоғам қайраткерлері, отандық және шетелдік университеттердің ректорлары қатысып жатыр. bastar-1 Конференцияда баяндама жасаған тарих ғылымдарының докторы, академик Болат Көмеков Дала өркениетінің ерекшеліктері туралы баяндама жасады. «Отырықшы қоғам технологиялық дамуды бастан кешірсе, көшпелі қоғамда биологиялық даму орын алды. Көшпенділер асыл тұқымды малдарды өсірді. Мал шаруашылығы дамудың жоғары деңгейіне жетті. Он мыңдаған әскер боз атқа мінсе, он мыңдаған әскер қара не күрең аттарға мініп жүретін. Ал қазіргі технология дамыған заманда он боз жылқыны шығаруға үлкен бір ұжым он жыл тынбай жұмыс істеген болар еді. Көшпелі мәдениеттің биіктігі, өркениет дамуы деген осы. Екінші бір үлкен ерекшелік, отырықшы қоғамның заңдылығы бойынша жер болса, ел табылады. Ал, көшпелі қоғамда керісінше. Ел болса, жер табылады. Өйткені жерден жылжуға, көшуге, басқа өңірге кетуге болады»-деген академик көшпелі өмір мен отырықшы өмірдің айырмашылықтарын ашып көрсетіп, көшпенді дүниетанымының өзгешелігін баяндады. Сондай-ақ, дала өркениетінің ғылымдағы орнына қатысты әлі де мәселелер бар екеніне назар аудардты. Айгүл Сейілова Фото Орынбай Балмұрат