Қоғам • Бүгін, 17:02

Мемлекетке тіркелген алтын қоры 522 тоннаға ұлғайды

17 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, соңғы екі жылда Қазақстанның минералдық-шикізаттық базасы айтарлықтай кеңейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекетке тіркелген алтын қоры 522 тоннаға ұлғайды

Фото: kursiv.media

«Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша 2023-2024 жылдары мемлекеттік есепке алғаш рет мынадай кен орындары қойылды: қатты пайдалы қазбалар — 27, көмірсутек шикізаты — 10, жерасты сулары — 23. Сондай-ақ пайдалы қазбалардың мынадай түрлері бойынша ресурстар мен қорлардың өсімі алынды: Алтын - 522 тонна, күміс - 281 мың тонна, хром кендері - 2 383 мың тонна, уран - 44 мың тонна, мыс — 12 893,6 мың тонна, фосфорит кендері - 82 миллион тонна, мұнай - 277 миллион тонна, газ — 113 миллиард текше метр, конденсат — 1,9 миллион тонна, жер асты сулары — 155,8 мың текше метр», деді Ерлан Ақбаров.

Ерлан Ақбаров атап өткендей, Қазақстанның минералды-шикізат базасына қатты және кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутектер мен жер асты суларының кен орындары кіреді. Жалпы алғанда, мемлекет балансында қатты пайдалы қазбалардың 987-ден астам кен орны бар, оның ішінде 355-і көмірсутегі, 987-і қатты пайдалы қазбалар, 3666-сы кең таралған пайдалы қазбалар және 4540-ы жер асты сулары.