Таулы аймақта жылыжай салуда тұрбаттықтар озып тұр. Солардың бірі – «Рахмат ата» шаруа қожалығы. Ел алғысына бөленген ұжым 20 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Серіктестік 1,6 гектар жерде «Атия» қызанағы мен «Туми» қиярын егіп, бүгінде екінші кезеңнің дақылдарын жинауға кірісті.+
Тұрбат ауылының халқы жылыжай шаруашылығын дамытуға бейімделген. Жиырма гектардан астам жердің әр гектарынан 100 тоннадан астам бау-бақша дақылдарын жинап алып отыр.
Аудан шаруалары отандық өнімді Шымкенттен бөлек, Алматы, Астана қалаларына жөнелтеді.
Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі ең ірі ауыл шаруашылығы орталықтарының бірі. Сонымен қатар, Қазақстандағы жылыжайлардың 87 пайызы осы облыста орналасқан. Олардың жалпы көлемі 1 мың гектардан асады.