26 Қазан, 2016

Астанада түрік және қазақ әншілері концерт қойды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
bal_8486 Елордадағы «Қазмедиа» киноконцерт залында «Қазақстан-Түркия достық әуендері» атты концерт өтті. Шара Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі, Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координатарлығының тарапынан Түркияның Астана қаласындағы күндері аясында ұйымдастырылды. Концертте Түркияның Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты «Анкара Түркі әлемі музыкалық ансамблі» және сол елдің танымал әнші-бишілері - Чидем Гюрдал, Джем Гюрдал, Мустафа Эке, Али Шар, Гөкче Кучукбахарлар арнайы мерекелік репертуар дайындап, түріктің әуезді әндері мен мың бұралған билерімен көрермендердің ықыласына бөленді. Одан бөлек, кеште отандық әншілер Кәмшат Жолдыбаева, Гүлнұр Оразымбетова, «Ханзада» тобы да өнер көрсетті. Қазақстандық әншілер түрік тілінде, Түркиядан келген қонақтар қазақ тілінде де ән орындады. Кеш соңында концертке келген көрермендерге қолма қол лоторея ойнатылып, жолы болған көрермендер Түрік әуе жолдарының Стамбулға барып қайту билетіне және Смартфонға ие болды. Атап өту керек, Түркияның елордадағы күндері аясында «Османлы дәуіріндегі сарай киімдері» дефилесі ұйымдастырылған. Дефиледе Османлы дәуірінде сарайда киілген киім үлгілері көрсетіледі. Стилистер 40 киім үлгісінен тұратын топтаманы ұсынбақ. Айгүл Сейілова Фото Орынбай Балмұрат bal_8360 bal_8394 bal_8314 bal_8370