27 Қазан, 2016

Балалардың бал мекені

658 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
dsc_0071Қарт Ұлытау төрінде орналасқан, пәк жүректі бүлдір­шін­дердің балалық шақ­тарының куәсі – «Айгөлек» балабақ­шасына міне, биыл 11 жыл толып отыр. Келешектің келісті болуы, келешек ұрпағымыздың ой-өрі­сін дамытып, ұлттық құнды­лық­тарды қастерлеуге тәрбиелеу жолында балабақшаның ма­ңызы зор. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кентінде ком­муналдық мемлекеттік қазы­налық кәсіпорны «Айгө­лек» балабақшасы 2005 жыл­дың 1 маусымында «Ба­ла­пан» бағдарламасы аясын­да құ­рылды. Жалпы, балабақ­шада бүлдіршіндер жас ерек­шеліктеріне сай, топ-топпен қабылданып, жаңа мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының стандартына сай жұмыс іс­теп келеді. Балабақшаның алғаш­қы меңгерушісі Ботагөз Базылбекова «Айгөлек» балабақ­шасының негізін құрып, 8 жыл басқарды. 2013 жылдан бері жас та болса бас бола білген Ди­нара Зейнелқабденқызы Сейтмағанбетова басқарып ке­леді. Сонымен қатар, осы 11 жыл ішінде «Айгөлек» бала­бақшасының жетістіктері де ауыз толтырып айтарлық. 2011 жылы мектеп жасына дейінгі облыстық «Сарыарқа дарындары» интеллектуалдық бай­қауында Н.Көлбай ағылшын тілі бойынша І дәрежелі дипломмен, 2012 жылы мектеп жасына дейінгі облыстық «Сарыарқа дарындары» интеллектуалдық байқауында А.Ермек математика бойынша ІV дәрежелі дипломмен, 2012 жылы «Маленькая стра­на» байқауында вокал но­минациясы бойынша ІІІ дә­режелі дипломмен, 2013 жы­лы «Маленькая страна» бай­қау­ында би номинациясы бойынша «Айгөлек» бишілер тобы І дәрежелі дипломмен, 2013 жылы Алматы қаласында өткен «Күншуақ» конкурсында би номинациясы бойынша «Балауса» бишілер тобы І дәрежелі дипломмен, 2014 жылы Алматы қаласында өткен Республикалық телевизиялық «Ғұмырдария» байқауында би номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен, 2016 жы­лы «Ассоль» балаларды жан-жақты дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Маленькая страна» байқауында би номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. Бала­бақшадағы әрбір маман иесі өз ісіне тыңғылықты, жауап­кершілікпен қарап, балалардың шығармашылықтарын дамытуда үлкен үлес қосып келеді. Жақында Жезді кенті Мә­де­ни-сауықтыру орталы­ғын­да «Айгөлек» балабақ­ша­сының 11 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағ­дар­лама өтті. Жүргізушілер, осы ба­лабақшаның түлектері Айдана, Асылхан, Назым халық­пен амандасып, Жезді кенті әкімі Б.Нұрбалаев пен аудан­дық кәсіподақ төрағасы Ш.Үм­бетовке құттықтау сөз кезе­гін берді. Құттықтау сөзден кейін балабақша түлектері мен қа­зіргі тәрбиеленушілері сахна төріне шығып «Айгөлек» флеш-моб биін билеп, одан әрі хор «Ақ көгершін», «Әрқашан күн сөнбесін» әндерін орындады. Мың бұралған биші түлектер «Қуыр­шақ», қазақ биі «Шашу», бүл­діршіндер үнді биі «Леча-леча» және басқа билерді тарту етті. Кеш соңында Жезді кенті әкімі Б.Нұрбалаев пен мекеме басшысы Д.Сейтмағанбетова бір топ тәрбиешілерді Алғыс хатпен марапаттады. Сөз соңында «Айгөлек» ба­ла­­бақшасы жарқырап, көр­кейіп, гүлдене берсін демекпіз! Жаннұр АЙНАБЕКҚЫЗЫ Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кенті