27 Қазан, 2016

Көгілдір отын бағасы арзандауы мүмкін

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жыл аяғына дейін елімізде баламалы және жаңартылған қуат көздерін өндіретін 9 нысан іске қосылады. Бұл туралы бүгін Сенатқа «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасын әкелген энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды egemen.kz "Хабар 24" - ке сілтеме жасап. Сала басшысы атап өткендей, электр қуатын тасымалдаушы компаниялармен тиісті шарт жасалды. Сондай-ақ мұнай саласында да оң көрсеткіш байқалады. Жыл соңына дейін «Қашаған» кенішінен 1 миллион тонна қара алтын алынады. Бұл жоспарды жүзеге асыру үшін өндіріс орнын іске қосу, реттеу жұмыстары аяқталуы тиіс. Сөйтіп, келер жылғы өндіріс көлемі 7 миллион тоннаға ұлғаймақ. Соның әсерінен көгілдір отын бағасы арзандауы мүмкін. Ал қара алтын құнында өзгеріс болмайды. Себебі шикізат экспортқа жөнелтіледі, дейді министр.