27 Қазан, 2016

Бала асырап алушы отбасылар форумы өтеді

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29 қазан күні  «Асырап алушы отбасы –  ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру институты» деп аталатын жыл сайынғы форум басталады, деп хабарлайды egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Форум жұмысына халықаралық және отандық сарапшылар, асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер қатысады. Шақырылған халықаралық сарапшылар қатарында Ресей мен Украина өкілдері бар. Шараны Астана қаласының әкімдігі, «Бала жанұяда өмір сүруі тиіс» қоғамдық қозғалысы, «ДАРА» қайырымдылық қоры, асырап алушы ата-аналарының бірлестігі және ҚР БҒМ бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті ұйымдастырады.  Форумға қатысушылар асырап алушы отбасылардың сипаты мен айырмашылығы, кәсіби іріктеу қызметін құру, асырап алушы ата-аналарды оқыту, оларға қолдау көрсету секілді мәселелерді талқылайды.