28 Қазан, 2016

Қытайда он мың адам партиядағы бір орынға таласуда

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қытайда он мыңға жуық жастар "Қытай Демократиялық лигасы" партиясындағы қабылдау бөлімінің хатшы қызметіне таласып отыр, - деп хабарлайды egemen.kz Lenta.ru - ға сілтеме жасап. Басылымның айтуынша, бұл - қызметкерге ешқандай жауапкершілік жүктемейтін жеңіл жұмыс.  Яғни, ол келушілерді күтіп алып, кездесулерді ұйымдастырады. Сол арқылы көп беделді адамдармен танысады. Үміткерлерге қойылатын басты талап - бакалавр білімі мен екі жылдық жұмыс өтілі ғана. Сонымен қатар Қытай Коммунистік партиясы құрамында болуы да шарт емес. Енді осы көп үміткерлердің ішінен тек бес адам таңдалып, сұхбаттасуға кіреді.   Негізінен, Қытайда мемлекеттік қызметкерлер тұрақты табысы барлардың қатарында. Бірақ ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің жүргізіп отырған саясатына байланысты шенеуніктердің лауазымы біршама түсіп кеткен. Ал жоғарыдағы партияның елдегі билікке қатысы жоқ.