28 Қазан, 2016

Шетелдік инвесторлар Атырауға қаржы салады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркия мен Әзірбайжан кәсіпкерлері Атырау облысындағы кәсіпорындарға қаржы құймақ. Осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы өңірге арнайы келіп, келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды egemen.kz 24.kz - ке сілтеме жасап. Түркия мен Әзірбайжан кәсіпкерлерінің біздің нарыққа келгеніне 20 жылдан асты. Бүгінде азық-түлік өнімдері, мұнай-газ саласына сервистік қызмет көрсету және мұнай химиясы бойынша ондаған біріккен компаниялар жұмыс істеп жатыр. Енді қос мемлекет Атырауға жақын болғандықтан, көлік-логистика саласын дамытып, өзара жүк тасымалын жүргізетін бағыттар мен жаңа бизнес жобаларын ұсынды. Атырау облысында инвесторлар үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы экономикалық аймақтан барлық инфрақұрылымы жабдықталған жер телімдерін беру, салық және өзге де жеңілдіктер жасау бағытында жергілікті атқарушы билік өкілдері барынша сапалы қызмет көрсетіп келеді.