31 Қазан, 2016

"Тәуелсіз Қазақстан" пойызы ел аралап, түрлі шаралар өткізеді

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының темір жол вокзалында ертең, 1 қараша күні Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Тəуелсіз Қазақстан" пойызы" республикалық акциясының басталуына орай, салтанатты шара өтеді. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде акцияның жұмысы мен бағыт-бағдарына арналған брифинг өтті. Оған "Тəуелсіз Қазақстан" пойызы" штабы жетекшісінің орынбасары Нұрбек Шаяхметов пен "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ Кадрлық жəне əлеуметтік жұмыстар басқармасының басшысы Руслан Барбасов қатысты. "Акцияның мақсаты - Тəуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді көрсету, халықтың бірлігін нығайту, ел дамуының басымдықтары айналасында қоғамды топтастыру, "Мәңгілік Ел" патриоттық идеясын акциясын насихаттау", - деді Нұрбек Шаяхметов. "Тəуелсіз Қазақстан" пойызы" акциясы аясында түрлі мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, медициналық, əлеуметтік, құқықтық көмектер көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім-ғылым секілді қоғамның маңызды салалары бойынша консультациялық кеңестер беріледі. 1 қарашада Астанадан бастау алатын шара 14 желтоқсанда Алматыда өз мəресіне жетпек. Акция кезінде пойыз еліміз бойынша 35 елді мекенге тоқтап, жергілікті халыққа, оның ішінде зейнеткерлерге, мүгедектерге, соғыс ардагерлерге жəне шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына өз қызметтерін ұсынады. Ләйла Еділқызы, "Егемен Қазақстан"