Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, деп хабарлайды egemen.kz Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесуде Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына 2017 жылғы қаңтарда басталатын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясындағы дайындық жұмыстарын баяндады.
Елбасы сыртқы саяси қызметті атқару кезінде республика тәуелсіздігінің 25 жылдығына баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
"Елдің халықаралық аренадағы беделін арттыру үшін елшілеріміз 25 жылда қол жеткізген жетістіктерімізді, соның ішінде Қазақстанның республикадан тыс жерлердегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтау ісіне қосқан үлесін шетелдік қоғамдастыққа көрсетуге тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы елімізге шетелдік ресми делегациялардың келуінің маңыздылығын айтты.
Қазақстан Президенті алдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік аясында өткізілетін іс-шаралардың бағыттарына тоқталып, бұл мәртебелі міндет әлемдік қоғамдастықтың айрықша сенімінің көрінісі екенін жеткізді.
Сыртқы істер министрі Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметке дайындық белсенді түрде жүргізіліп, тұрақты комитеттерге басшылық жасау міндеттері бөлініп беріліп жатқанын мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Е.Ыдырысов республика тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аса мәртебелі меймандар қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан Президентін алдағы халықаралық іс-шаралар, соның ішінде басым бөлігі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге байланысты болатын шаралар туралы хабардар етті.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11