31 Қазан, 2016

ЭКСПО-да қауіпсіздікті сақтауға 1500 әскери тартылады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«EXPO-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде 1,5 мыңға жуық әскери қызметші қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов осылай деп мәлімдеді. Айта кетейік, брифинг Ұлттық ұланының қоғамдық тәртіп күзеті мен мемлекет қауіпсіздігін қорғаудағы қызметі тақырыбы аясында өрбіген болатын. Ұлттық ұланның Жедел мақсаттағы бөлімдері Ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетуге күн сайын 5000-нан аса әскерилерді жұмылдырады. «ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қарсаңында елордамызда жедел мақсаттағы жеке құрама жасақталды. Олар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік күзетін қамтамасыз ететін болады және көрме өткізу кезеңінде қызметке түсетін әскери қызметшілер саны 1,5 мыңға жуықтайды. Ал 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жоғарыда аталған құрамнан 1200 әскери қызметші қатыстырылмақ», – деді генерал-майор Мұхаметқали Құсайынұлы.