31 Қазан, 2016

ОҚО-да инвестициялық жобаларға жер бөлінеді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Оңтүстік Қазақстан облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев 19 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Қабылданған қаулы аясында құны 32,2 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 100 га-дан астам жер телімі бөлінді. Атап айтқанда, күн сәулелік электростанса құрылысын салу үшін Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданы аумағынан көлемі 71,8 га жер учаскесі бөлінсе, индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, дизельді жанармай шығару, түсті металл бұйымдарын шығару және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу цехы үшін көлемі 42 га жер учаскесі пайдалануға берілді. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын кушейту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында, өңірде 11 индустриялды аймақ құрылған. Қазіргі таңда, облыс бойынша индустриялды аймақтарда құны 201,3 млрд теңгенің 166 жобасы іске асырылуда.