31 Қазан, 2016

Алматы жолдарында мыңнан астам бейнекамера орнатылады

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Келесі жылы Алматы жолдарында 1000-нан астам видеокамера орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Ішпекбаев, әкімдік, орталық меморгандардың аумақтық департаменттері және «Нұр Отан»  партиясы өкілдері қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселелері бойынша өткен мәжілісте айтылды. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, жолдарда полицейлермен байланысты болдырмау үшін 2017 жылы қала көшелеріне мыңнан астам бейнекамера орнатылады. «Жемқорлық тақырыбы мемлекетті ғана емес, қоғамды да алаңдатуда. Бұл күллі елдің проблемасы. Әлемде 123-ші орындамыз. Бұл жемқорлық деңгейі елде жоғары дегенді білдіреді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың арқасында 2014-2016 жылдары 17 сатыға көтерілдік. Соңғы 1 жыл 9 айда 660 лауазымды тұлғаға айыппұл салынды. Осылайша, өткен жылы бюджетке 3,5 млрд. теңге келіп түсті. Агенттік төрағасының орынбасары атап өткендей, көрсетілген мерзімде айыппұл төлемейтін қызметшілер бас бостандығынан айыру түрінде жазаға тартылады. Осы кезеңде 924 мемлекеттік қызметшінің мүлкі тәркіленді, 1210 - өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды», - деді елдегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық статистикасын жариялаған А. Ішпекпаев.