31 Қазан, 2016

Қазақстанға ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы келеді

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Еуразия геоэкономикасы: түйісуден ынтымақтастыққа дейін» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Онда таяу күндерде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ли Кэцян елімізге келетіні белгілі болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергеновтің айтуынша, Ли Кэцян  сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаевпен кездеспек. Келіссөздер аясында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр. Айта кетейік, аталған конференцияда Қазақстан мен Қытай сарапшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың болашағын, негізгі бағыттарын талқылады.