01 Қараша, 2016

Жоғарғы Сот әлеуметтік желіде викторина өткізеді

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылдың қарашасында Судьялардың жетінші съезін өткізуге орай әлеуметтік желі қолданушыларына арналған интернет-викторина өткізіледі, деп хабарлайды egemen.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру. «Ел азаматтарының нақты бір бөлігі, әсіресе, жастар, тіпті ненің қылмыс екенін білмейді. Әлі күнге дейін математикадан бақылау жұмысын орындамау үшін «бомба қоятын» жасөспірімдер кездесіп жатады. Кейбір адамдар көшеде спирттік ішімдік ішу заңбұзушылық деп есептемейді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады», - делінген Соттың сайтында. Викторина қатысушыларына жүлде қоры белгіленген. Күн сайын ұялы телефонға жүздеген 200 немесе 500 бірлік ұтысқа тігіледі. 10 қарашада викторинаның қорытындысы шығарылады. Осы күні үш смартфон ойнатылады. Викторинаға қатысу үшін әлеуметтік желі арқылы немесе Жоғарғы соттың сайтында тіркелу қажет.