01 Қараша, 2016

Ақмола облысында тұрмыс қалдықтарын өңдейтін зауыт салынады

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Арнасай ауылында жаңа  жобаның тұсауы кесілді. Жасыл экономиканы өркендетуге байланысты бұл ауылда өткен айда ғана орталық ашылған болатын. Енді тұрмыс қалдықтарын өңдейтін зауыт салынады. «Бұл  жоба арқылы био газ немесе электр энергиясын алуға болады. Көңді өңдеу арқылы экологиялық мәселені шешуге, әрі малды ауылдың шикізат сатып,  табыс табуына мүмкіндік береді, -  дейді Жасыл экономиканы дамыту мен G-Global-ды дамыту коалициясының  төрайымы Салтанат Рахымбекова. Зауытқа қажетті құрылғылар Германиядан әкелінеді. Әлем елдеріне 800-ге тарта зауыт салған Еггерсмандар әулеті бұл істі Қазақстанда жалғастыруды қолға алған. Жылына 60 мың тонна өңдейтін зауытта бірнеше жұмыс орны ашылатыны анық.