01 Қараша, 2016

CRIRSCO стандарты инвестиция тартуға мүмкіндік береді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысының қорытындысына арналған баспасөз конференциясында Қазақстанның CRIRSCO пайдалы қазбалар бойынша есеп беру жүйесіне көшуінің артықшылығын мәлімдеді. «Еліміздің CRIRSCO қатарына қосылуы – бұл елдегі пайдалы қазбалардың, қорлардың болуын растайтын, сондай-ақ бүгінде біздегі бар ақпаратты растаудың үлкен қадамы. Бұл стандарт бойынша жұмыс істеу Қазақстанға халықарлық биржаларда минералды ресурстары бар деректер базасын жасауға мүмкіндік береді. Ал шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның CRIRSCO бойынша жұмыс істеуі бұл ақпараттың негізгі дәлелі болып есептеледі. Осыған байланысты біз CRIRSCO аясында жұмыс істеу шетелдік инвесторларды тартуға үлкен септігін тигізеді деген үміттеміз», – деді Ж. Қасымбек. Сонымен қатар, ол тәуелсіздік жылдары тартылған инвестициялардың 60%-ға жуығы жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ және тау-кен металлургия салаларына аударылғанын айтты. Бұған сәйкес, осы салалардағы стандарттарды арттыру қосымша инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде бұл өнеркәсіп саласының ілгерілеуіне ықпал етеді. CRIRSCO-ның көпшілікке есеп беруінің халықаралық стандарттарын әлемдік биржалар және банктер мойындаған.