Қарағандының теміржол вокзалында «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын салтанатты жағдайда қарсы алды.
Пойыздың келу құрметіне арналған салтанатты жиынға Қарағанды тұрғындары, соның ішінде облыстық Қазақстан халқы Ассамлеясының өкілдері қатысты.
«Біз сіздерді өз жерімізде қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы - бұл барша қазақстандық үшін ұлы мереке. Мерейтойлық жыл аса ауқымды жоспарлардың басталуымен, жүріп өткен табыстар мен жеңістерге толы жолымыздың алға аршынды қадам басуымен маңызды», - деп атап өтті өз құттықтауында Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров.
«Пойызымыз алғашқы аялдамасын Қарағандыда жасағаны қуантарлық. Қарағанды облысы индустрия орталығы ғана емес, ұлтаралық қарым-қатынастардың үлгісі, халықтар достығының көрсеткіші. Қарағанды - бұл Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған жер екендігін ұмытпауымыз тиіс», - деді Қарағанды жұрты алдында сөйлеген сөзінде пойыз штабының жетекшісі Әміржан Әлпейісов. "Біздің делегацияның құрамында 271 адам, олардың 70-тен астамы -медицина қызметкерлері, халыққа кеңестерін беретін болатын жоғары білікті мамандар. Бұл ең алдымен, ауылдықтар үшін маңызды", - деді ол.
Пойыз Қарағандыда екі тәулік болады. Бағдарламада жеке қабылдаулар, білім беру, медицина, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларындағы мәселелер бойынша кеңестер беру бар. Сондай-ақ Достық үйінде кездесу өтіп, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына арналған әңгімелер, дәрістер өткізіледі. Қарағандыдан пойыз Ақтоғай ауданына бет алады.
Бұған дейін хабарланғандай, пойыз 1 қараша күні Астана қаласынан шықты. Олар жолда барлығы 43 күн болып, 35 қала мен елді мекендерге ат басын тірейді. Пойыз 14 желтоқсан күні Алматыға жетіп, онда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ауқымды концерт өтетіндігі жоспарланған.
Пойыз сегіз вагоннан тұрады. Акция құрамында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Гүлшара Әбдіхалықова, ҚХА төрағасының орынбасары -Ералы Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бастаған Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина қызметкерлері, әлеуметтік сала мен ұлттық компаниялардың өкілдері бар.

ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Оқиға • Бүгін, 17:19
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
Қоғам • Бүгін, 17:09
Жаңа Конституциядағы отбасы және неке нормалары сарапшылар талқысына түсті
Ата заң • Бүгін, 16:58
Магеррамов: Жаңа Конституция мемлекет саясатының жаңа бағдарын айқындайды
Қоғам • Бүгін, 16:56
Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады
Ата заң • Бүгін, 16:44
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 16:31
Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды
Ата заң • Бүгін, 16:08
Енді көлік нөміріне мобильді қосымша арқылы тапсырыс беруге болады
Қоғам • Бүгін, 15:56
Олжас Бектенов кәсіпкерлермен қандай мәселелерді талқылады?
Экономика • Бүгін, 15:44