02 Қараша, 2016

Қазақстан-Вьетнам қатынастарын дамытуға мүмкіндік мол

391 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
vietnam Ханойда Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмахановтың Вьетнам Компартиясының ОК Политбюросының мүшесі, Вьетнам Отандық фронттың Орталық комитетінің төрағасы Нгуен Тхиен Нянмен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі. ВОФ ОК Төрағасы қазақстандық-вьетнамдық қатынастардың одан әрі серпінді дамуы үшін мүмкіндіктің мол екендігін атап өтіп, сауда-экономикалық салада ықпалдастықты жандандырудың маңыздылығына назар аударды. Бұл ретте, сұхбаттасушы 2016 жылғы 5 қазанда күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақ қатысушы елдері мен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің мүмкіндігін барынша пайдалану қажеттілігін айтты. Өз тарапынан  Б.Жұмаханов сұхбаттасушыны «Нұрлы жол» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын орындау аясында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі үрдістері мен «Қазақстан Республикасының әрі қарай мемлекеттік құрылыстың 100 нақты қадамы» ұлттық Жоспарының негізгі ережелері жөнінде хабардар етті. Елші сондай-ақ қауіпсіз әлемнің негіздерін нығайтуға және әскери қақтығыстар мен ядролық апатты азайтуға бағытталған «Әлем. ХХІ ғасыр» жалпыәлемдік даму жаһандық стратегиясы бойынша Елбасының бастамасы жөнінде айтты. Сонымен қатар «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы айтып, вьетнам тарапын осы көрмеге белсене қатысуға шақырды. Сұхбат соңында Нгуен Тхиен Нян елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті дамыту бойынша қабылданып жатқан шараларды жоғары бағалады. Өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Елшіліктің бастамаларын толық қолдайтынын атап өтті. Осы ретте, ВОФ ОК Төрағасы тараптар келесі жылы атап өтетін дипломатиялық қатынастардың орнатылуының 25-жылдығына қарай Вьетнамнан Қазақстанға алғашқы темір жол жүкті құрам жеткізілетіне үміт артты. vietnam-bir