03 Қараша, 2016

Асыранды бүркіттер еркіндікке жіберілді

350 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
img_7452 Бес жылдан бері Алматыдағы «Сұңқар» жабайы құстар тәлімбағында жоғалуға жақын қыран тектес құстардың түрлері қолдан көбейтіліп, жабайы табиғат арасына жіберіліп келеді. Таяу күндері кезекті рет осы тәлімбақтағы бүркіт балапандары босатылды. Осымен жиырмасыншы рет азаттыққа шыққан құстар легі Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Зоология институтының бақылауында болады.  Яғни әрбір бүркіт арнайы орнатылған электронды чип арқылы қайда жүргені, тірі-өлісі зерттеліп отырылады. Осы арада әрбір чиптің бағасы 3 мың еуро тұратынын және әр құсты бақылау, зерттеу жылына 30 мың АҚШ долларына дейін баратынын айтуға болады. Алайда табиғатта сиреп бара жатқан сұңқар түрлерінің бағасы жоқ. – Ал тәлімбақта көбейтілген құстар кейін жабайы табиғатқа шыққаннан кейін адам көмегінсіз тамағын тауып жеу үшін мұнда көп жұмыс жүргізіледі. Құстар кең қанат жая алатын орындарда тышқан, қоян, тауықты өз бетінше алуға үйретіледі, – дейді «Сұңқар» тәлімбағының директоры Ашот Анзоров. Мұндай ғылыми сынақты Зоология институтының ғалым­да­ры мен «Сұңқар» жабайы құс­­­тар тә­лімбағы 2012 жыл­дың шілде­сінде бастаған болатын. Адам факторы барын­ша азай­­­­тылған ғылыми сынақ­тар бүркіт­тердің жабайы табиғат­тағы өміршең­ді­гіне анағұрлым жақ­­сы әсер ете­тін­дігіне көз жет­кі­зілуде. Сонымен 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Сұң­қар» тәлімбағында, бүркіт, қы­ран, ителгі сияқты 450-дей құс бар.  Бұл құстарды азықтандырып, түр­лерін көбейтуге бұл күнде «Эфес Қазақстан» компаниясы «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» атты бүркіттерді қорғау бағдарламасы аясында  қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Осы жолы еркіндікке бес балапан бүркіт жіберілді. «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақ­тап қал» жобасының жүзеге асы­рылып жатқанына биыл бес жыл болды.  Бұл жұмыстар жұртшылықтың назарын сирек құстар мен жануарлардың азаю мәсе­лесіне аудартуға көмектеседі деп ойлаймыз. Біздің компания корпоративтік әлеуметтік жа­уап­кершілікке үлкен мән бере­тін­діктен, біз бұл жобаға әрі қа­рай да қолдау көрсетуді жос­парлап отырмыз. Біздің ұлттық та­би­ғи брендімізге айналған бүркіттерді сақтап, олардың әрі қарай да Қазақстанның мақ­танышы және ұлттық нышаны бол­ғанын қалаймыз, – деді «Эфес Қазақстан» ШС АҚ корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ