03 Қараша, 2016

Мақсат – биік белестен көріну

322 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кешегі күннің бәрі тарих десек те, тәуелсіз еліміздің әрбір қадамы көңілімізде сайрап тұр. Тәуелсіздік жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында 347 жаңа медициналық нысан салыныпты. Сондай-ақ, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы да денсаулық сақтау саласының дамуына үлкен үлес қосты. Қашанда кадр дайындау мәсе­лесі күн тәртібінен түскен емес. Бүгінде облыста халыққа қыз­мет жасап жатқан дәрігерлер саны 2 167-ге немесе 5 136-дан 7 303-ке дейін артты. Ал, мейір­бикелер саны 2 192-ге артып немесе 20 176-дан 22 368-ке дейін өсті. Сөйтіп кадр тапшылығы 2 есе, ауылды жерлерде 2,5 есеге тө­мендеді. Соның ішінде Оңтүс­тік Қазақстан жеріндегі ең байыр­ғы оқу орындарының бірі – Шымкент медицина колледжі ор­та буынды медициналық жә­не фармацевтикалық қызмет­керлердің бәсекелестігін қамта­масыз ету мақсатында талай белес­терді бағындырды. Фармацевтикалық пәндер бойынша оқытушылар теориялық және тәжірибелік білімді ұштастыру мақсатында білім алушылардың түрлі меншік нысандағы фар­мацевтикалық ұйым және кә­сіпорындарда, дәрілердің сапасын бақылау, дәрілерді стандарттау, сертификаттау зертханаларында келешекте орындайтын іс-шараларына басты назар аударады. Фарма­цевтикалық мекемелердің құ­ры­лымдық бөлімшелерінің жұ­мыстарын ұйымдастыруды, тұрғындарды және медициналық мекемелерді дәрілік заттармен қам­тамасыз етуді, тауарлы-ма­териалдық құндылықтар бойынша іс-әрекеті жөнінде есеп жүргізіп, есебін беруді, дәрілік өсімдік шикізаттарды дайындау­ды және т.б. үйретуді негізгі мақсаты деп санайды. Сондай-ақ колледж басшылығының болашақ фармацевтерге қажетті барлық дағдылар мен шеберліктерді меңгеруі үшін оқу-өндірістік және дипломалды тәжірибелерден өтуге «Europharma» фармацев­тикалық фирмасымен, «Зерде» ЖШС-мен шарт жасасуы және қаламызда орналасқан «Хим­фарм» акционерлік қоғамына экскурсияға апарып, дәрі-дәрмек­тер дайындаудың бүкіл үрдісімен таныстыруды ұйымдастыруы да үлкен ықпал етуде. «Фармация» мамандығы бойынша медицина колледждері түлектерінің ара­сындағы республикалық, об­лыстық сайыстарға қатысқан студенттеріміз жүлделі орындарға ие болды. Республика көлеміндегі бұл жетістікке қол жеткізуге кол­ледждің оқу-тәрбие жұмысын дұ­рыс бағытта ұйымдастыра біл­ген кол­ледж басшысы М.Сұл­танов пен оқы­тушылардың еңбек­тері зор. «Елу жылда – ел жаңа» деген, ширек ғасырдың өзінде еліміз адам таңғаларлықтай жағдайда өзгерді. Білім аламын, қызмет ете­мін деген жастарға мүмкіндік мол. Ендеше барымтаға қарымта деген, болашақ фармацевтер де колледжде алған білімдерін, жи­наған тәжірибелерін отандық фар­мация саласын дамытуға арнайтыны анық. Сәуле ҚАРАТАЕВА, Гүлназ МАДИЕВА, Шымкент медицина колледжінің оқытушылары