Меркі ауылының тұрғындары жаңа емхана салу мәселесін көптен бері көтеріп жүрген-ді. Тіпті «Орталық ауруханамыз аудан орталығының бір жағында, емханамыз екінші басында. Арасы алыс. Оның үстіне емханамыз ескі, әбден тозған. Емделушілерге қолайсыз. Ауданымызда жаңа емхана салуға көмектессеңіз» деп, Меркі ауданына іссапармен келген Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевқа да айтқан болатын. «Бірінші байлық – денсаулық» деген, бұл мәселе шынында өте өзекті екенін облыс әкімі де аңғарса керек. Көп ұзамай Меркі ауданының орталығында жаңа ғимараттың құрылысы басталып та кетті.
Міне, өткен аптада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай осынау 250 орындық жаңа емхана пайдалануға берілді.
– Еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде денсаулық саласына үлкен көңіл бөлінді, – дейді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. – Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі өсіп, 2005 жылы – 9,2 млрд. теңге бөлінсе, 2016 жылы 40 млрд. теңге бөлінді, яғни 4,4 есеге өсті. Жамбыл облысы бойынша «100 мектеп, 100 аурухана салу» жобасы шеңберінде құны 18,8 млрд. теңгеге 6 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Одан бөлек 25 жаңа амбулатория, фельдшерлік пункт халық игілігіне тапсырылды. Мұның бәрі облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту мен өміршеңдік деңгейін арттыруға бағытталып отыр.
Жаңа емхана барлық талаптарға сай келеді. Бір мезгілде 250 адамның ем қабылдауына мүмкіндік беретін жаңа ғимаратқа 579 478 мың теңгеге қажетті медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды.
– Жасым 70-тен асты, еңбек ардагерімін, – дейді Меркі ауылының тұрғыны Дәуіт Қадырханов. – Ауданымызда дәл осындай сән-салтанаты жарасқан жаңа емхананың ашылғанына өте қуаныштымын. Бұл біз сияқты қарттарға да жасалған қамқорлық деп ойлаймын. Біздің жас кезімізде мұндай әсем ғимараттар, озық үлгілі құрылғылар жоқтың қасы еді. Енді міне, бәрі қолжетімді. Әрине, осының бәрі еліміздің дамып, өркендеп келе жатқандығының, Тәуелсіздігіміздің арқасы. Бар мүмкіндікті жасап жатқан Елбасымызға алғысым шексіз.
Жобалық-сметалық құны 1 миллиард 750 миллион теңгені құраған орталық емхана елдің сұранысы бойынша аудандық аурухананың жанынан, «Меркі» шипажайына барар жолдың бойынан бой көтерді.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы
Суретті түсірген
Алтынбек ҚАРТАБАЙ

АҚШ НЛО туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03
Шымбұлақ пен Еуразияның әйгілі курорттары Жасыл хартияға қол қойды
Туризм • Бүгін, 13:50
Референдум: Дауыс беру учаскесін қайдан білуге болады?
Референдум • Бүгін, 13:42
Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 13:30
Өңірлерде су тасқынына қарсы дайындық күшейтілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:22
Келешек олимпиадаларға дайындық басталды ма? Астанада жаңа шаңғы базасы пайдалануға берілді
Олимпиада • Бүгін, 13:10
Маңғыстаулық мамандар өндіріс алаңдарында жоғары технологиялық операцияларды меңгерді
Экономика • Бүгін, 13:02
Ақтөбе облысының бес ауылы арақтан бас тартты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:53