03 Қараша, 2016

Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Берікжан Байжүнісов Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімін жария етті. Судья Бақытбек Есентаевқа қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Айта кетерлігі, Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Есентаевқа қатысты қылмыстық іс жабық режимде, алқа билердің қатысуымен өткен болатын. Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды.