04 Қараша, 2016

Анасының медалін бір бөтелке араққа айырбастады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ana-medali-arakka-ayyrbastalyptyІшкі істер органдарының хабарларында орден, медальдардың қолды болатыны жөнінде жиі айтылып жатады. Етіміз үйреніп қалған ба, бас шайқаймыз да қоямыз. Әйткенмен, мына бір жағдайға бас шайқай салуға әсте болмайтындай. Қарттар айлығының соңғы күн­дерінде Көкшетау қаласының 76 жастағы тұрғыны жергілікті ішкі істер басқармасына шағым­данып, «Еңбек ардагері» меда­лінің жоғалғанын хабарлаған. Полицейлер жедел іске кірісіп, тиісті амал-шараларды тиянақты атқаруы нәтижесінде, ұрлықшы анық­талып, қылмыстық кодекстің 188-бап, 2-бөлімімен жауапқа тартылды. Күдікті кім дейсіз ғой? Сылдыр­маққа құмар жасөспірім емес, сол зейнеткер ананың 44 жастағы баласы екен. Тексеріс барысында медальдің өткен шілде айында жоғалғаны анық­талған. Ең сұмдығы, әлгі «қа­расақал» медальді бар-жоғы бір жарты араққа айырбастап жіберіпті. Енді полиция қызметкерлері арзан медальді ала салған азаматты іздеп әуреге түсуде. Баласы мұндай қадамға бара қояды деп ойламаған қария енді арызын қайтып алғысы келетін көрінеді. Ана жүрегін түсінуге болады. Бірақ, бұл жерде өкініш ұғымының өзгеше сипаты бар деп ойлаймыз. Біріншіден, келтірілген шығын 20 мың теңгеге бағаланыпты. Тура ма­ғынасында айтсақ, бұл ме­даль­­ға ешқандай баға қоя алмайсыз. Мұның астарында еліміздегі бүкіл ардақтыларымыздың ұзақ жыл­дарғы абыройлы еңбегінің қым­бат қорытындысы, қуанышты күн­дерінің ұмытылмас жетегі бар. Ақмола облысы