04 Қараша, 2016

Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
shki-ister-ministri-kalmu­khambet-kasyАстанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі құзыретті органдары басшыларының қатысуымен Үйлестіру кеңесінің 18-отырысы өтті. Оған ҰҚШҰ Хатшылығының өкілдері мен Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің есірткіге қарсы ведомстволарының мамандары шақырылды. Жиынға жетекшілік еткен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұ­хамбет Қасымов мұндай бас­қосу нәтижесінде, әріп­тес­тік байланыстар мен прак­тикалық деңгейде тұрақты әрі іскерлік ынтымақтастық қалыптастыруда таптырмас аура болатындығын атап өтті. «Әсіресе, жедел ақпа­рат алмаса отырып, ауқым­ды және аумақтық шұғыл іздестіру шараларын өткізу кезінде өзара іс-қимыл жасасуға зор мүмкіндіктер береді. Мы­салы, ҰҚШҰ қолдауымен жыл сайын «Арна» жедел-про­филак­тикалық шарасын ұтымды ұйым­дастырудың арқасында біз Қазақстан бойын­ша орта есеппен 3 мыңға жуық есірткі қыл­мысын әшкерелеп отырмыз. Олардың жалпы жиынтық көрсеткіші 30 тонна есірткі зат­тары мен 150 келі героинды құрайды»,  деді Қ.Қасымов. Басқосудағы талқылау барысында соңғы жылдары шегуге арналған түрлі қоспалар мен спайстардың да белең алып бара жатқаны айтылды. Осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген Ресей Ішкі істер министрінің орынбасары Игор Зубов психотроптық тауар­лар­дың жаңа түрін танып-білуде құқық қорғау органдары әккі қылмыскерлерден кейін жүретіндігін мәлімдеді. Осы орайда, аталған мәселеге қатысты Ұйым мүшелері қыркүйекте Санкт-Петербург қаласында маңызды шешімдер қабылдағанын да айта кетейік. Ішкі істер министрлері кеңе­сінің отырысында ТМД-ға қа­тысушы мемлекеттердің есірт­кі құралдарының, психо­троптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастығы туралы ке­лісімге бірқатар сәйкес түзе­тулер енгізілді. Жиында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердегі есірткі ахуа­лының өзгеруіндегі негізгі үрдістерін талдау мен ай­қын­дауға, келер жылы осы жа­­ғдайдың қандай боларын бол­жауға байланысты бір­қатар өзекті мәселелер де талқыланды. Жалпы, ма­мандардың барлығы да осындай басқосулар арқылы есірт­кіге қарсы күресте күш бірік­тіргенді құп көреді. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»